Кнут Гамсун «Аштық» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.


Кнут Гамсун «Аштық» романы

Оқу мақсаты:

көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийі:

Көркем шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Ой шақыру

Кнут Гамсун «Аштық» романын қай жылы жазған?

Романның басты тақырыбы не туралы?

Шығармадағы басты кейіпкер қандай адам?

Шығарманың негізгі идеясы қандай?

«Қабырғадағы рөл» әдісі

Шығармадағы басты кейіпкерге тән қасиеттерді ішіне, көрінбей тұрған қасиеттерін сыртына жазыңыз.

«Хикая картасы»

Жазылым тапсырмасы

Көркем шығармадан алған үзінділерді жалғастырып шығармашылық жұмыс жазыңыздар

 

1-топ:

...Осылай бірте-бірте бұлтармай құздан төмен сырғып бара жаттым. Ақыр соңында ауызға алар ештеңем, тіпті тарақ пен мұң басқан мезетте жұбаныш қылар кітапша да болмай қалды. Жазда кез келген күні зиратқа немесе құлпы сарай тұрған баққа кетіп қалушы едім. Онда ұзақ отырып, газет үшін ұбақ-шұбақ мақалалар жазатынмын. Оларда не жоқ дейсің, құйқылжыған қиялымнан туған небір ғажайыптар, ойға келмейтін, көңіл сенбейтін оқиғалар, шалдуар шәлкес қимылдар кездесетін. Өрлікпен өжеттеніп ең бір есте жоқ шетін тақырыптарға барып, азапқа түсіп, оларды сарылып сағаттап жазғаныммен басып шығаруға ешкім бел бумайтын...

Кейіпкер қандай тақырыпта мақала жазды деп ойлайсыздар? Кейіпкер ойын дамытып жазыңыздар

2-топ:

...Келешектегі қылмыстың рөлі туралы, болмаса ерік еркіндігі жайындағы, немесе басқа да маңызды бірдеңе жөніндегі мақаламды дәл бүгін жазуға отырып, оған ең кемі он крон алмасам ба... Кенет көкірегімді ойлар кернеп, дереу іске кірісуім қажет екенін сезіндім де, бақ ішінен оңтайлы жер іздеп, мақалам жазылып біткенше демалыс дегенді қаперіме де алмасқа бел будым...

Кейіпкердің қылмыстың рөлі туралы мақаласын дамытып жазыңыздар

3-топ:

...енді маған тарихқа сәл-пәл үңілген кез келген кісі аңғаратын келешектегі қылмыстың рөлі туралы қарабайыр астарсыз мақала жазу мүмкіндігімнен төмен болып көрінді де, өзімді мен керемет қиыншылықтарды жеңіп шығуға қабілетім қаптал деп есептеп, философиялық таным жөнінде үш бөлімнен тұратын шығарма жазуға бел байладым.

Кейіпкердің философиялық таным жөнінде шығармасын жазыңыздар

4-топ:

...Кенет ойыма очерк немесе фельетонға жарайтындай бірнеше жақсы сөз тіркестері оралды, мұндай табыс бұрын-соңды Колыма түскен емес. Жатып алып ол сөздерді іштей қайта-қайта лап, оларды тамаша табылған тіркестер деп білдім. Олардан кейін ойыма келесілері құйылып, ұйқым шайдай ашылып, кереуетімнің аяқ жағындағы үстелдің үстінде жатқан қарындаш пен қағазға ұмтылдым. Көкірегімде бір қайнар атқылағандай, бір сөзден соң бір сөз ағылып, қағазға түсіп, сюжет туындайды; көріністер алмасып, көңілде оқиғалар қылаң береді, қуаныштан өзімді қайда қоярға білмей, менен бақытты жан жоқтай сезінемін. Ойлар тасқыны төтелеп, бәрін бақай шақтап жазып үлгере алмай жатырмын. Тақырып әбден баурап алып, қағазға түскелі жатқан тәрізді...

Кейіпкердің атынан очерк немесе фельетон жазыңыздар

Дескриптор:

тақырыпты ашады;

көркем шығармалардан алған үзінділерді дамытып жазады;

шығармашылық жұмыстарда орынды қолданады.

Рефлексия пирамидасы

Үйге тапсырма:

«Аштық» романындағы композициялық амалдарды талдау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу