Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен - мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Пән

қазақ әдебиеті 2-тоқсан II нұсқа

Сабақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»,

«Мен- мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек»

Сабақтың тақырыбы

Өлеңдегі кейіпкерлер тағдыры

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • көркем шығарманың идеясын ашады

Көптеген оқушылар:

  • көркем шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды.

Кейбір оқушылар:

  • шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • көркем шығармадағы ақынның айтар ойын анықтайды;
  • өлең идеясына сай кейіпкерлерді анықтай отырып, ерекшелігін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Өтемістен туған он едік, Таудағы тарлан шұбар біз едік. Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек, Қалыңсыз құшсам деп едім.Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мектеп құндылықтары

  • Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

9. 1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасауды үйренді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

7 минут

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

С

«Қара жәшік» ойыны

Шарты: Жәшікке жасырынған сөз салынады. Әр топтан бір оқушы шығып, жасырынған сөзге сипаттама береді. Қалған оқушылар жасырынған «кейіпкер» сөзін анықтайды. Ең ұтымды сөздерді «Идеялар себетіне» жинақтайды.

  • Ұтымды ой айтқан оқушы мадақталады.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

2 минут

13 минут

5 минут

5 минут

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/maxambet-otemisuly-bajmahambet-sultanha-ajtqany-olengi

Оқушылар тыңдайды. Сынып ақынның «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңін қайталап оқиды.

Өлең кейіпкерін таниды, лирикалық кейіпкерге өз түсініктерімен ойларын білдіреді.

Лирикалық шығармада көбінесе ақын өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әр түрлі құбылыс –жағдайларға

көзқарасын сипаттайды.

  • Ақын қоғам өмірі, заман, адам туралы толғанғанда, өзін «мен» деп, «біз» дей отырып, сол ортаның адамы, белгілі бір ұрпақ буынның өкілі ретінде сөзінеді.

Т. «Кейіпкерді зерттеу» әдісі

  • Оқушылар шағын топтарда шығарма кейіпкерлерін тану, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды.

Әр топқа өлеңнен үзінділер беріледі. Топтағы оқушылар өздеріне берілген міндеттер арқылы жұмыс жасайды.

1.Ақын өлеңіндегі кейіпкерлер бейнесін табу, іс-әрекеті арқылы ерекшелігін анықтау;

2. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;

3.Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;

4.Кейіпкер бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттер тізбесін жасау.

1-топқа

Біз бір енеден бір едік,Бір енеден екі едік,Екеуіміз жүргенде,Бір - бірімізге ес едік.Бір енеден үш едік,Үшеуіміз жүргенде,Толып жатқан күш едік.Бір енеден бес едік,Бесеуіміз жүргенде,Алашқа болман деуші едік.Өтемістен туған он едік,Онымыз атқа мінгенде,Жер қайысқан қол едік.

2-топқа

Еділді көріп емсеген,Жайықты көріп жемсеген.Таудағы тарлан шұбар біз едік.Исатайдың барында,Қара қазан, сары балаҚамы үшін қылыш сермедік.

3-топқа

Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр,Бойың жетпес биікпін,Бұлтқа жетпей шарт сынбан!...Кәр қылар деп, «тақсыр - ау!»Аяғыңа бас ұрман.Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек,Қыларың болса қылып қал,Күндердің күні болғанда,Бас кесермін, жасырман!

4-топқа

Қаныкейдей көріктіңдіҚалыңсыз құшсам деп едім.Тінікейдей тектіңдіИтелгі көзін төңкеріп,Күшіктей даусын қыңсытып,Аш күзендей белін бүгілтіп,Әділ жаннан түңілтіп,Ат...Артына салсам деп едім.

Топтар жұмыстарын қорғайды. Бір-бірін бағалайды.

С

Шығарманың идеясына сай кейіпкерлерге мінездеме береді.

Махамбет

Исатай

Хан-сұлтан

http://bilim-all.kz/olen/1624-Mahambettin-Baimagambet-sultanga-aitqany

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

http://bilim-all.kz/olen/1592-Men---men-edim-men-edim-

Мен- мен едім, мен едім

http://bilim-all.kz/olen/1608

Бағаналы терек

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Мен үшін қызықты болған тұсы

Мен үшін жеңіл болған тұсы

Мен үшін қиын болған тұсы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу