Тарихи шындық пен көркемдік шешім Махамбет Өтемісұлы. «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен - мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 4-сабақ.


Махамбет Өтемісұлы

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

«Мен- мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек»

Оқу мақсаты:

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;

Бағалау критерийі:

Өлеңдегі ойды түсінуге жұмыстанады;

Өлеңді шығармалардың композициялық құрылымына талдайды.

Поэтикалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау береді.

«Миға шабуыл»

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Ерегіскен дұшпанға

Қызыл сырлы жебе едім.

Жақсыларға еп едім,

Жамандарға көп едім.

Ерегіскен дұшпанның,

Екі талай болғанда,

Азыққа етін жеп едім.

Сөйлеп тұрған кім?

Қандай пікір тұрғысынан сөйлеп тұр?

Бұл кімнің үні?

Үнінде не мақсат бар?

Т «Саусақпен әңгіме жасау»

Оқушылар ( 6 оқушыдан) шағын шеңбер құрады. Әр шеңберден 2 оқушы шығады. Оларға «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Бағаналы терек» өлеңдерінен үзінділер беріледі. Екі қолдың саусақтарына өлең кейіпкерлерінің рөлдері беріліп, бірі-Махамбет, екіншісі- Баймағамбет сұлтан болып, саусақтарын өлеңді тыңдап және желісіне ере отырып қимылдатады.

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

Алай ма, сұлтан алай ма!

Астыма мінген арғымақ

Аяңдап түсіп марай ма?

Арғымақ дейтін жығылар,

Найза бойы жар келсе,

Жабыдайын жалтаңдап,

Түсер жерін қарай ма?

Арғымақ атқа айдай таға қақтырса,

Кілегей қатқан Еділдің

Көкше мұзынан таяр ма?!

Ата ұлының баласы

Асыл ерге малың бер,

Малың бер де басын қос,

Басыңа тарлық түскенде

Ардақтаған әділ жанын аяр ма?

Бағаналы терек

Бағаналы терек жарылса,

Бақыраш жамап болар ма?!

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,

Еменге иір бұтақ бітсейші

Қыранға тұғыр қыларға.

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы,

Артымыздан біздердің

Ақырып теңдік сұрарға!

Т.«Үш қадамды сұхбат» әдісі

Тапсырма

Әр топқа ақын өлеңінен үзінді беріледі. Үзіндіге байланысты 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.

Мінездеу. Кейіпкерлерге  мінездеме  беру:

Беркініп садақ асынған,

Біртіндеп жауын қашырған.

Құйқылжыған құла жирен ат мінген,

Құйрық, жалын шарт түйген,

Мен кесекті ердің сойымын,

Кескілеспей бір басылман.

Алдыңа келіп тұрмын деп,

Ар - намысымды қашырман.

Сүйегім тұтам қалғанша,

Тартылмай сөйлер асылмын.

Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр,

Бойың жетпес биікпін,

Бұлтқа жетпей шарт сынбан!

Тапсырма

Махамбет ақынға, Баймағамбет сұлтанға.

Портрет.  Қатысушылардың кескін, келбетін, пішінін, тұлғасын  ауызша суреттейді.

Алай ма, сұлтан алай ма!

Астыма мінген арғымақ

Аяңдап түсіп марай ма?

Еділді көріп емсеген,

Жайықты көріп жемсеген.

Таудағы тарлан шұбар біз едік.

Исатайдың барында,

Қара қазан, сары бала

Қамы үшін қылыш сермедік.

Рефлексия

«Плюс-минус-қызықты».

Плюс - оқушылар ең алдымен сабақтың оңтайлы шыққан тұсын айтады, неге олай деп шешкенін түсіндіреді;

Минус - одан кейін кемшін түскен жағын көрсетіп, оны қалай жетілдіруге болатындығы туралы ұсыныс білдіреді;

Қызықты – сабақта өзіне ұнаған қызықты мəселе туралы айтып, өзінің кері байланысын жағымды аяқтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу