алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен - мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 7-сабақ.


Оқу мақсаты:

9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;

Бағалау критерийі:

шығарманың идеясын ғаламдық мәселелермен байланыстырып, әдеби эссе жазады.

Элективті тестілеу.

1. «Қанікейдей көріктіңді

Қалыңсыз құшсам деп едім» деген тармақтағы «Қанікейдей» сөзінің мағынасы

А) жары

Ә) қызы

Б) екеуі де

Кері байланыс: Сіз өз жауабыңыздың дұрыс екенін қалай дәлелдер едіңіз?

2. «Ежелгі дұшпан ел болмас» дейді ақын. Расымен солай ма?

А) иә, ел болмайды

Ә) кейін тату елге айналуы мүмкін

Б) бұл саясатқа байланысты

Кері байланыс: Бұл жауапты таңдауыңыздың себебі неде?

3. Ақын өлеңіндегі «Қара қазан, сары бала» кім?

А) халық

Ә) ұрпақ

Б) өз ұлы

Кері байланыс: Таңдаған жауабыңызға орай қандай түйін айтар едіңіз?

Дескриптор:

мәселені, мәселенің өзектілігін анықтайды;

астарлы, тұспалды ойды ғаламдық мәселелермен байланыстырады;

фактілер мен көзқарастарды ажыратып, ойын дәлелдейді;

қарама –қайшылықтарды анықтайды;

 

Ж. Әдеби эссе. Екі тақырыптың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз. Сөз көлемі -200-250.

1) «Еділдің бойы ен тоғай -

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім» деген ақын арманы орындалды ма? Бұл идеяны қандай өзекті мәселелермен байланыстырар едіңіз?

2) «Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы» деген ақын көзқарасы қаншалықты дұрыс? Әлде бұл сол заманның тілегі ме?

 3) «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгерген» заман –қандай заман?

Дескриптор:

әдеби эссе жазады;

мәселені ғаламдық тұрғыдан талдайды;

тақырыпты ашады;

ойын жүйелі жеткізеді;

Рефлексия:

Пікірлер тізбегі

1 оқушы өз пікірін жеткізеді, келесі оқушылар егер оны қолдаса, соның жанына, қолдамаса, басқа бір орынға тұрып, өз пікірлерін қосады.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы