Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен - мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.
«Кейіпкерді зерттеу» әдісі
Әр топқа өлеңнен үзінділер беріледі. Топтағы оқушылар өздеріне берілген міндеттер арқылы жұмыс жасайды.
1.Ақын өлеңіндегі кейіпкерлер бейнесін табу, іс-әрекеті арқылы ерекшелігін анықтау;
2. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
3.Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;
4.Кейіпкер бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттер тізбесін жасау.
1-топқа
Біз бір енеден бір едік,Бір енеден екі едік,Екеуіміз жүргенде,Бір - бірімізге ес едік.Бір енеден үш едік,Үшеуіміз жүргенде,Толып жатқан күш едік.Бір енеден бес едік,Бесеуіміз жүргенде,Алашқа болман деуші едік.Өтемістен туған он едік,Онымыз атқа мінгенде,Жер қайысқан қол едік.
2-топқа
Еділді көріп емсеген,Жайықты көріп жемсеген.Таудағы тарлан шұбар біз едік.Исатайдың барында,Қара қазан, сары балаҚамы үшін қылыш сермедік.
3-топқа
Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр,Бойың жетпес биікпін,Бұлтқа жетпей шарт сынбан!...Кәр қылар деп, «тақсыр - ау!»Аяғыңа бас ұрман.Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек,Қыларың болса қылып қал,Күндердің күні болғанда,Бас кесермін, жасырман!
4-топқа
Қаныкейдей көріктіңдіҚалыңсыз құшсам деп едім.Тінікейдей тектіңдіИтелгі көзін төңкеріп,Күшіктей даусын қыңсытып,Аш күзендей белін бүгілтіп,Әділ жаннан түңілтіп,Ат...Артына салсам деп едім.
Шығарманың идеясына сай кейіпкерлерге мінездеме береді.
Махамбет | Исатай | Хан-сұлтан |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?