Ж. Баласағұн «Құтты білік». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.


«Әзіз кітап – бұл ұлылық негізі, 

Біліктіге болғай білім теңізі! 

Құт-білікпен безенген бұл жамағат, 

Шүкір қылып алда тіле қанағат. 

Күллі дана сөзі түгел сүзілген, 

Інжу-маржан тізбегіндей түзілген! 

...Тыңдағанға – ұғынықты, қадірлі, 

Жазбасы – ауыр, надандарға кәдімгі. 

Кітап сөзі қолдан демеп, көзді ашар, 

Екі дүние ісін бірдей оңдасар. 

...Шығыс елі, күллі түркі ішінде, 

Дүниеде – кітап жоқ бұл пішінде»

Жүсіп Баласағұн

1-тапсырма. Берілген үзіндідегі автор ойын, үзіндідегі көтерілген мәселені ықшамдап, бір шумақ өлеңмен жеткізіңіз.

Дескриптор:

Шығарманы оқиды, түсінеді;

Мәселені анықтайды;

Ойды ықшамдап, бір шумақ өлеңмен қорытындылайды.

2-тапсырма.

Үзінділерде көтерілген мәселелерді берілген мақал-мәтелдермен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығына талдаңыз.

1-топ:

Кісінің кісілігі,

Киімінде емес, білімінде.

Кең ойлаған,

Кем ойламас.

Көп ойласаң – дана боласың,

Көп ойнасаң – бала боласың.

2-топ:

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Тіл-көлеңке кілті.

Бал тамған тілден,у тамар.

 Дескриптор:

Мақал-мәтелдердің мәнісін түсінеді, салыстырады

3-топ:

Ата өнерібалаға мұра

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

4-топ:

Адалдық – ардың ісі

Соймасымды соямын, сүйгенімнің көңілі үшін

Ақпейілдің аты арымайды, тоны тозбайды

3-тапсырма.

Берілген үзіндідегі автор көзқарасына сүйене отырып Жүсіп Баласағұнға мінездеме беріп, оның ұстанымдарын бағалаңыз.

 

Дескриптор:

Үзіндідегі автор бейнесін ашатын тұстарды анықтайды;

Автор бейнесіне талдау жасап, қызметін анықтайды.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу