Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 18-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

ІІІ Махаббат және абырой Мектеп:

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақ мақсаты

Өзіндік ой-пікірін дәлелдеу үшін драма мәтінінен алынған үзінділерді тиімді қолдануға дағдыландыру.

Бағалау критерийі

көркем шығармалардан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: үзінділермен жұмыс жасау, оларды өз мақсатына сай пайдалану жолдарын меңгереді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: акт, тартыс, қойылым, катарсис (күнәсінен арылу), қақтығыс, шиеленіс, тартыс, комментарий т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, драмалық шығарма үзіндісіне сай ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы топта жұмыс жасау, мәселенің шешімін бірлесіп іздеу, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Тұлғаның жеке дара ерекшеліктері.

Құқықтану пәнімен байланыс. Адамның жеке бас бостандығы, өмірі және ұждан бостандығы.

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта «Әпке» драмасының жанрлық ерекшелігімен, бірінші акт мәтінімен танысты.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-9

10-11

Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

1.Өткен тақырыпты қайталап, еске түсіру мақсатында «жуан/жіңішке» сұрақтарға жауап береді.

«жіңішке» сұрақтар

«жуан» сұрақтар

«Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ» дейтін кім?

Қабен неге өтінішін орындата алмады?

Қонаққа келген жастардың айтысының тақырыбы не?

Қамажайдың өз бақытынан бас тарту себебіне 3 дәлел келтіріңіз.

Тимур мен Кәмиланың тойы неше күннен кейін болмақшы?

Сіз қалай ойлайсыз, Қамажайдың қазіргі әпкелерден айырмашылығы неде?

Қамажайдың жұмыс орны қалай аталады?

Егер Қамажай Қабенге тұрмысқа шықса, не болады?

Әр жауабын ғылыми ұғымға негіздейтін кім?

Сіз Қамажайдың бауырлары үшін өз бақытынан бас тартқанына келісесіз бе ...?

2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.

МД слайд

1-таратпа

«жуан/жіңішке» сұрақтар кестесі

Сабақтың ортасы

12-21

22-26

27-30

3.Т. Драмадағы басты оқиғаларға назар аудара отырып оқушылар «Үзінділер мен комментарийлер» кестесімен жұмыс жасайды.

Басты оқиғалар

Үзінді

Комментарий

Темірбек пен оның достарының қонаққа келуі;

Жастардың айтысы;

Қамажайдың жұмысқа орналасуы;

Тимурдың үйлену туралы шешімі;

Қабен мен Қамажайдың кездесуі.

Кәмила. Неге? Біздің әрбір құбылысқа деген өз пікіріміз болуы керек. Онсыз адам болудан қаламыз. Өз пікірі, өз ойы болмаған адам алдына ешқашан мақсат қоя алмайды.

Нәзила. Ағамыз ақырында мысық алып тынатын болды.

Омар. Қорытып айтқанда, бақыт деген – жеңіс немесе жеңіске апарар күрес.

4. Белгіленген уақыт аяқталған соң, топ спикері оқиға желісіне сай таңдалған үзінділер мен оларға берілген комментарийлерді таныстырады.

Қабілеті жоғары оқушылар драма үзінділері бойынша талдауға негізделген комментарийлер ұсынса, қабілеті төмендеу оқушылар басты оқиғаларға қатысты үзінділерді түсінеді.

Дескриптор

  • драма мәтініне тағы бір шолу жасайды;
  • ондағы басты оқиғаларды анықтайды;
  • үзінділерді іріктейді;
  • үзіндіге сай комментарий жасайды.

5. Өзге топтар мен мұғалімнің кері байланысы.

2-таратпа

«Үзінділер мен комментарийлер» кестесі

Сабақтың аяғы

31-35

36-40

Ж. Оқушылар драма бойынша өздері тақырып тауып, 70-80 сөзден тұратын эссе жазады. Өз көзқарасын нақтылау үшін үзінділер (цитаталар) мен аналитикалық пікірді қолданады.

Рефлексия.

1. Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?

2. Топта жұмыс істеу саған ұнады ма?

3-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу