Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 21-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІІІ Махаббат және абырой

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

Сабақ мақсаты

Драма мәтінінен алынған үзінділерге сүйене отырып креативті жазу жолдарын меңгеру.

Бағалау критерийі

шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазудың жолдарын меңгереді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, үзіндінің негізгі ойына тоқталсам ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/топта жұмыс жасау, жауапкершілік және өзін-өзі, өзгені бағалай білу құндылықтары оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың маңызы.

Алдыңғы білім

«Әпке» драмасындағы автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-10

1. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

2.Өтілген тақырыпты еске түсіру үшін «Бір минут» әдісімен жұмыс жасайды.

Негізгі әрекеттер:

1.Әдістің атына сәйкес оқушылар 1 минуттың ішінде тақырып туралы не білетіні және түсінетіндігі туралы тоқтамай айта бастайды. Ал екінші оқушы жұбының пікірін толығымен ұғыну үшін тек мұқият тыңдап отырады.

2.Экрандағы таймер тоқтаған уақытта әңгімелесу аяқталады.

3.Жұбының пікірін тыңдаушы оқушы келесі жұпқа естігенін айнытпай айтуға тиіс.

4.Экранда таймер қосылып, жұптар қайта араласа бастайды.

5.Осылайша 5 минуттың ішінде 5 түрлі жұппен байланыс орнайды.

Оқушылардың әңгімелесуін мұғалім қадағалап, өзіне қолайлы түрде құрылған «бақылаушы парағын» толтырады. Бақылаушы парағына қажетті дескрипторларды жазып қоюға болады.

МД слайд

1-таратпа

таймер

Сабақтың ортасы

11-15

16-25

26-32

3. Жаңа сабақты меңгерту.

ЖЖ. 1-тапсырма.

«РRE» кестесін толтыру үшін оқушыларға мынадай тақырып ұсынылады: «Әпке атаулының бәрі бірдей ме?»

Оқушылар ұсынылған кестенің бірінші бағанына тақырып бойынша өздерінің пікірлерін 1 сөйлеммен жазады.

Екінші бағанға неліктен осы сөйлемді таңдағанын түсіндіреді.

Үшінші бағанға осы себепті мысал арқылы сипаттайды.

«Р» -

«R» -

«E»-

Жұптар кестелерін толтырып болғаннан кейін басқа жұптармен араласады, жауаптарын бір-біріне таныстырады.

4. Ж. 2-тапсырма.

«Әпкені» оқығанда...» деген тақырыпта досыңызға хат жазыңыз. Оны жазу барысында мына нұсқаулықтарды ескеріңіз:

- өткен шақта жазу;

- төл және төлеу сөздерді қолдану;

- бірінші жақта жазу;

- уақытқа байланысты жалғаулықтарды қолдану;

- толық сипаттау;

- соңында эмоциялар мен сезімдеріңді қосу.

Қабілеті жоғары оқушылар тақырыпқа қатысты ойын тұжырымдап, талдап жазады.

Қабілеті төмендеу оқушылар драма мәтінінен алынған үзінділерді пайдалана алады.

Дескриптор

  • тақырып бойынша білетін ақпараттарын естеріне түсіреді;
  • оларды жұптарымен бөліседі;
  • тақырып бойынша пікірін бір сөйлеммен жазады;
  • осы сөйлемді жазу себебін түсіндіреді;
  • ойын мысал арқылы жеткізеді;
  • досына хат жазады;
  • нұсқаулықты басшылыққа алады.

Оқушылардың қалауы бойынша жауаптарын «Ыстық орындықта» тыңдау.

2-таратпа

Сабақтың аяғы

33-36

37-40

5. Мұғалімнің кері байланысы.

Топ жауаптарының ұтымды шыққан жері мыналар: ...

Алдағы уақытта мыналарды ескеріңіздер: ...

Хат мәтінінің құрылымы сақталған/сақталмаған ...

Мына мәселеге назар аударыңыздар...

6. Рефлексия «Өзін-өзі талдау сауалнамасы»

Біздің күніміз (сабақ, іс-шара, ойын) аяқталуға жақын, сондықтан ...

айтқым келеді:

Мен үшін ... сәтті болды

Өзіңді не үшін мақтай аласың?

Не үшін сыныптастарыңды мақтай аласың?

Неге ие болдың?

Мені не таң қалдырды?

Мен үшін ... жаңалық болды.

Сіздің ойыңызша не сәтті болды?

Сіздің ойыңызша не сәтсіз болды? Неліктен? Болашақта нені ескеру қажет?

Менің сабақтағы жетістігім…

3-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу