Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 22-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІІІ Махаббат және абырой

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақ мақсаты

Шығарма мазмұнындағы құндылықтардың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалау.

Бағалау критерийлері

- шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;

- жаңашылдығына баға береді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шығармадағы құндылықтардың маңыздылығын бүгінгі күнмен салыстырып бағалауды үйренеді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: әпке, бауырлар, материалдық және рухани құндылықтар, жаңашылдығы т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, драманың жаңашылдығына тоқталатын болсам ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/топта жұмыс жасау, жауапкершілік және отбасылық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың маңызы.

Алдыңғы білім

Драма мәтінінен алынған үзінділерге сүйене отырып креативті жазу жолдарын меңгерді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10

11-12

1. Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру.

«Ми шабуылы»

Драманың атауына қандай ұлттық сипат негіз болғанын есімізге түсірейік. Әпке деген кім еді?

Қалай ойлайсыздар, Қамажайдың арманы орындалды ма?

Мұндай жағдайлар тек қана қазақ отбасында кездесе ме?

Бүгінгі әпкелер Қамажай секілді бауырлары үшін құрбандыққа бара ала ма?

Оқушылар берілген сұрақтарды топ ішінде талқылап, тұжырым жасайды, ойларын сыныппен бөліседі.

2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

МД слайд

1-таратпа

Сабақтың ортасы

13-25

26-29

3. Жаңа сабақты меңгерту.

Т. «Талқылау сатылары» әдісі

Оқушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы, сосын бұрылып арқаларын беріп отырады. Топқа берілетін сұрақ:

«Әпке» драмасындағы кейіпкердің жалғыз қалмауына мүмкіндігі бар ма еді?

Оқушылардың ойлануына уақыт бөлінеді, олар айтылған тұжырыммен келісетін/келіспейтінін және оның себебін көрсетуі керек. Содан кейін оқушылар бұрылып бір-біріне қарап отырады. Осыдан кейін әр бағыттың жауабын жоққа шығару мақсатында талқылау/дебат ұйымдастыруға болады. Бірінші талқылаудан кейін оқушыларға 5 секунд беріп, пікірін, көзқарасын өзгерткен оқушы болса, өз шешімін түсіндіруі сұралады.

Қабілеті жоғары оқушылар сұраққа жан-жақты, шығарма мәтінін өмірмен байланыстыра отырып жауап бере алады, ал қабілеті төмендеу оқушылар кейіпкер сөзіне ғана сүйенуі мүмкін.

Дескриптор

  • драмадағы көтерілген мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап береді;
  • келісу-келіспеу позициясын айқындайды;
  • оның себебін түсіндіреді;
  • пікірін өзгерту мүмкіндігі.

4. Топ мүшелерінің жауабы критерийге сай бағаланады, мұғалім сындарлы кері байланыс береді.

2-таратпа

Сабақтың аяғы

30-34

35-37

38-40

5. Жазушы стилімен бір абзац жаз.

«Әпке, артыңнан ерген бауырларыңды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіру арманың еді ғой...»

Бірнеше оқушының жауабы тыңдалып, сабақ қорытындыланады.

6. Рефлексия

«Кері қарау»: сабақтан біз не үйрендік? Оған қалай қол жеткіздік?

3-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу