Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 24-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІІІ Махаббат және абырой

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

Сабақ мақсаты

Драма кейіпкерлерінің өзіндік мінез-құлқын, қоғамдық-әлеуметтік ортадағы орнын анықтап мінездеме беру.

Бағалау критерийі

Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: драма кейіпкерлеріне өздерінің әлеуметтік ортасымен байланысына сай мінездеме беруді үйренеді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: кейіпкердің мінез-құлқы, әлеуметтік ортасы, іс-әрекеті, сөзі, детальдар, драмалық тартыс, өмір шындығы, адам тағдыры т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, драма кейіпкерінің мінезі ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы қоғам, отбасы, бауырлар алдындағы жауапкершілік сезімі оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың маңызы.

Өнер пәнімен байланыс. Драма жанрының табиғаты, образдар жүйесіне талдау.

Алдыңғы білім

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-8

9-10

1. Оқушыларды кейіпкер есімдері бойынша бірнеше топқа бөлу: Қамажай, Темірбек, Нәзила, Омар, Кәмила.

2.Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру.

Ми шабуылы. «Драма - өмір шындығы мен адам тағдырын бейнелеудің ең күрделі тәсілі, эпос пен лирика ерекшеліктерін қоса қамтыған синтез жанр», - деген ғалым С.Мақпырұлының сөздеріне назар аударайық.

Үзіндідегі қай сөз/сөз тіркесі сізге ерекше әсер етті? Неліктен?

3. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

МД слайд

1-таратпа

Сабақтың ортасы

11-20

21-30

4. Жаңа сабақты меңгерту.

Т. «Образға ену» әдісі

1-қадам: әр топ өздеріне берілген кейіпкерге мінездеме беру үшін драма мәтінінен мына сұрақтардың жауабын іздейді:

  • кейіпкердің әлеуметтік ортамен байланысы қандай?
  • ол қай жерде қалай көрінді?
  • кейіпкердің іс-әрекеті, диалог/монологы.

2-қадам: сұрақтарға өзара жауап іздеп, кейіпкердің мінез-құлқын, қоғамдық-әлеуметтік ортадағы орнын анықтап алады. Содан соң драмалық тартысқа негізделген бір үзіндіні пайдаланып, актерлік шеберліктерін көрсете отырып кейіпкер рөлінде ойнайды.

Қабілеті жоғары оқушылар кейіпкердің болмысын драмалық тартыстағы оның іс-әрекеті, диалог, монологтары арқылы ашып түсіндірсе, ал қабілеті төмендеу оқушылар драма мәтінінен кейіпкер сөздерін оқып, мазұнын айтады.

Дескриптор

- кейіпкердің әлеуметтік ортамен байланысын анықтайды;

-драмалық тартысты табады;

-оның диалог/монологтарын іріктеп алады;

-кейіпкердің рөлін ойнап көрсетеді;

-актерлік шеберлігін танытады.

5. Топ жауаптары тыңдалып, оқушылардың рөлге еніп ойнауы бағаланады. Мұғалім сындарлы кері байланыс береді.

2-таратпа

Сабақтың аяғы

31-35

36-40

6. Көз алдарыңызға елестетіңіздер:

Сахна шымылдығы жабылды, сіз оқыған драманың соңғы сөйлемі аяқталды.

Қамажай. Өзіміз-ақ өткіземіз. Өзіміз-ақ! Олардың қолдары тимейді. Өзіміз-ақ... Өзіміз-ақ!

Сұрақ: Қандай күйде болдыңыздар? Көңіл-күйлеріңізбен бөлісіңіздер.

7. Рефлексия

Пікір (Менің ойымша...)

Дәлел (Себебі,...)

Мысал (Мысалы,...)

Қорытынды (Қорыта айтқанда,...)

3-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу