Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

ІІІ Махаббат және абырой

Мектеп:

Уақыты:

мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8

қатысқаны:

қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 композицияны тұтастан-бөлшекке, бөлшектен-тұтасқа қарай талдау;

Сабақ мақсаттары

Драманы композициялық құрылысына қарай талдау, жеке бөлім-бөлшектерін ажыратып әрі бөлшекті бүтінмен ұштастыра қарастыру.

Бағалау критерийі

драма композициясын тұтастан-бөлшекке, бөлшектен- тұтасқа қарай талдай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: драмалық шығарманың үлкенді-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен түрлі тәсілдер арқылы байланысатынын түсінеді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: әдеби шығарманың құрылысы, акт, перде, көріністер т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, шығарма композициясына сай ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/топта жұмыс жасау, жауапкершілік және өзін-өзі, өзгені бағалай білу құндылықтары оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Құқық пәнімен байланыс. Адам құқығын қорғайтын бас құжатымыз – Ата Заң.

Алдыңғы білім

«Әпке» драмасының үзінділерімен жұмыс жасады, өз көзқарастарын дәлелдеу мақсатында оларды орынды қолданды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-9

10-11

Сынып оқушылары қызыл, көк және жасыл, сары түсті стикерлер бойынша топқа бөлінеді.

1.Өтілген тақырыпты жүйелеу.

«Стикердегі жазбалар» әдісі бойынша оқушылар драма мазмұнынан есінде қалған оқиғасын жазады. Әр оқушы жеке-жеке жазып болған соң, топ ішінде оқиғаларды рет-ретімен орналастырады. Стикердегі жазба бойынша бір-біріне сұрақтар қоя алады.

2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

МД слайд

түрлі-түсті стикерлер, 1-таратпа

Сабақтың ортасы

12-13

14-23

24-28

29-30

3. Т. Жаңа сабақты меңгерту.

Тапсырма. Топ мүшесінің бірі стикерлерге жазылған кейіпкер атын суырып алады, топтарға берілетін кейіпкерлер:

Қамажай, Темір, Нәзила, Омар.

Топтар «Дербес пікір айту» тәсілі бойынша кейіпкерге қатысты мәліметтерді іріктеп, жүйелейді, өзіндік пікір, дәлел, мысал, қарсы дәлел, қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысалдар келтіреді.

1. Өзіндік пікір (ой, идея); Мысалы, Қамажай - өте мейірімді, жаны нәзік, бауырлары үшін өз бақытынан бас тартқан жан.

2. Дәлел; Көңіліне қаяу салған бауырларын кешіре білуі, Қабенге қайырылмауы.

3. Өз пікірін айғақтайтын мысал; Қамажай. Мен сені түсінемін. Бірақ амалым не? Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ.

4. Өз пікіріне қарсы дәлел; Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің өмір сүруге құқылы екендігін атап көрсетеді.

Жауаптың 2-нұсқасы:

Қамажай. Әйткенмен ренжіп кетті-ау. Қазіргі жастарға ескерту жасасаң да жақпайсың.

5.Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал; Бауырларына ана орнына ана боп, түн ұйқысын төрт бөлген Қамажайдың тырнағына татымайтын «көкек» аналардың қоғамда кездесетіні;

Жауаптың 2-нұсқасы:

Қамажай. Қайдам, осылардың анасын жоқтатпаймын деп жүріп, шын ана боп кеткен сияқтымын. Бәрі жас баладай көрінеді де тұрады.

6. Қорытынды.

Әйел. ... Қара шаңырақ оларды қайда жіберер дейсің?...

Қамажай. Менікі қайбір жүректіліктен дейсің, осыларға деген мейірімнің шарпуы шығар.

4. Барлық топ жауаптарын таныстырады, критерийге сай дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалайды.

Қабілеті жоғары оқушылар драма композициясына талдау жасайды:

Оқиғаның басталуы

Оқиғаның байланысуы

Оқиғаның дамуы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның шешімі

Қабілеті төмендеу оқушылар кейіпкерге қатысты бөліктерін мазмұнын баяндап береді.

Дескриптор

  • кейіпкерге қатысты мәліметтерді жүйелейді;
  • кейіпкерге қатысты дербес пікір айтады;
  • өз пікірін дәлелді жеткізеді.

4-тапсырма. Ойыңды валеология тақырыбымен байланыстыра отырып талда.

Қамажайдың үй ішін, бауырларын, отбасын әртүрлі мінездеріне қарамастан жақсы көру себебі неде:

  • Қамажай жалғыздықтан арылғысы келді ме?
  • Отбасының бірлігін сақтағысы келді ме?
  • Әлде өзін-өзі тану ма?

5. Мұғалімнің кері байланысы, қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек».

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың аяғы

31-37

38-40

6. «Бір минуттық эссе» жазу

Тақырыбы: «Мен білетін әпке...»

Оқушылар бір минут ішінде жазған жауаптарын топ ішінде сағат тілімен жылжыта отырып оқиды, өзара бағалайды.

7. Іс-әрекет рефлексиясы

• Мен … жасай алдым

• Мен ... үйрендім

• Бүгін сабақтан мен ... алдым

• Өмірім үшін сабақ маған ... берді

• Сабақ бойы мен …

Әр оқушы жеке-жеке жұмыс жасайды, үйрену нәтижелерін сараптап ой елегінен өткізеді. Бірнеше оқушының жауабы тыңдалады.

4-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу