Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 20-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІІІ Махаббат және абырой

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақ мақсаты

автор образы мен кейіпкерлер қарым-қатынасын ашу үшін олардың сөздеріне, яғни репликаларға, диалог, монологтарға талдау жасау.

Бағалау критерийі

автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдай алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: қаламгердің өз кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасы әртүрлі болатынын тілдік құралдар арқылы анықтайды.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: автор образы, шығарма атауы, кейіпкерлер тізімін құру, реплика, ремарка, сахналық ескерту т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, автордың бағалауынша ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/топта жұмыс жасау, жауапкершілік және өзін-өзі, өзгені бағалай білу құндылықтары оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың маңызы.

Алдыңғы білім

«Әпке» драмасының композициясын тұтастан-бөлшекке қарай талдады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-10

1. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

2.Өтілген тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру.

Кейіпкер мен олардың сөздерін сәйкестендіреді.

КЕЙІПКЕР

Қамажай

Нәзила

Темірбек

Омар

КІМНІҢ СӨЗІ?

Ничего, ничего, мамуля. Қуаныш атаулының ойда жоқта болғаны жақсы. Күнбұрын білген қуаныш - қуаныш емес.

Сонымен, тоқ етерін айтсам, бақыт дегеннің өзін бірнеше салаға бөлуге болады. Отбасындағы, қызметтегі, махаббат, тағы-тағылар саласында...

Қорытып айтқанда, бақыт деген – жеңіс немесе жеңіске апарар күрес.

Бұрын мына жерде Ом, мына жерде Тим отыратын. Енді бәрі жоқ. Олар бізді енді сағынбайды.

Теміржан, қой, қарағым. Сені ... сені бөтен деп ... Тойды жасаймыз, дүрілдетіп тұрып жасаймыз. Ақша деген табылады...

Ермек

Мінезім солай. Не тапсам да, тілімнен табатын шығармын. Бірақ сені келемеждеп не табам? Мен... бәрін түсінем. Түсінем деп жүріп ештеңе байқамағына таңғалам... Адам жанының бұл да бір жұмбақ сыры ғой. Айтқаның дұрыс болды. Шын жүрегімнен тілектеспін.

МД слайд

1-таратпа

Сабақтың ортасы

11-15

16-25

26-28

29-30

3. Жаңа сабақты меңгерту.

Т. 1-тапсырма.

Оқушылар шығарманың басты кейіпкерлеріне үш сөйлеммен өз сөзімен мінездеме береді.

Қамажай …………………………………

Омар ……………………………………..

Темірбек …………………………………

Нәзила ……………………………………

Т. 2-тапсырма.

Кейіпкерге берген мінездемесін драма мәтініне сүйене отырып толықтырады, яғни, тілдік көрінісін талдайды.

РЕПЛИКА/МОНОЛОГ/ДИАЛОГ

Мысалы, Қамажай бейнесіне қатысты:

Не боп кетті, құдай-ау?! Өң мен түстей. Теміржан, қарындасыңның балалығын кешір. Япырым-ай, әуре боп жасаған тамақты да іше алмадыңдар ғой.

Қабілеті жоғары оқушылар автор бейнесі мен кейіпкер қарым-қатынасының тілдік көрінісін анықтап талдайды.

Қабілеті төмендеу оқушылар диалог/монологтарды тауып оқиды.

Дескриптор

  • кейіпкерлер мен олардың сөздерін сәйкестендіреді;
  • шығарма кейіпкерлеріне өз сөзімен мінездеме береді;
  • кейіпкерге байланысты драма мәтінінен реплика, монолог, диалогтарды табады.

4. Мұғалімнің кері байланысы: «Екі жұлдыз, бір тілек».

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың аяғы

31-36

37-40

5. «Аяқталмаған сөйлемдер»

  • Автордың өз кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасын айтатын болсам ...
  • Оның жанашырлығы мынадан көрінеді: ...
  • Автор мен кейіпкер ...

6. Рефлексия «Сауалнама» әдісі

1. Сабақта мен… жұмыс жасадым

2. Мен сабақта жасаған жұмысыма ...

3. Мен үшін сабақ ... болды

4. Сабақ барысында мен ...

5. Менің көңіл-күйім ...

6. Сабақтағы материал мен үшін ... болды

белсенді / белсенді емес

ризамын / риза емеспін

қысқа / ұзақ

шаршаған жоқпын / шаршадым

жақсарды / нашарлады

түсінкті/түсінікті емес

тиімді / тиімсіз

қызықты /қызықты емес

жеңіл / қиын

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу