алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 1-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» дастаны

Оқу мақсаты:Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:Шығарманың жанрлық ерекшелігі мен сюжеттік желісін анықтайды.

Миға шабуыл : «Меморандум» әдісі

Бағалау критерийі:

1- тапсырма:«Дойбы» тәсілі

Әр үстелге дойбы тақтасы қойылады.

Оқушылар үш-үштен екі топқа бөлінеді.

Оқушылар дойбы тастарын қозғалту арқылы дастанға сатылай кешенді талдау жасайды.

Бір оқушы сұрақты айтып дойбы тасын қозғалтады, екінші оқушы тасты жауап бере отырып жылжытады.

Бір оқушы жүріс кезінде жауаптан тосылып қалса, екінші оқушы екі жүріс жасай алады.

Үшінші оқушы олардың жауаптарын бағалау парағы бойынша тексеріп отырады.

Сатылай кешенді талдау

1.Авторы:

2.Тақырыбы :

3.Жанр  түрі :

4. Идеясы:

5.Шумақ:

6.Тармақ:

7.Бунақ:

8.Буын  саны :

9.Ұйқас  түрі:

2-тапсырма :«Құптау белгісі»тәсілі

Оқушылар әңгіме алдындағы сөзді ( пролог):

Өткен адам болады көзден таса,

Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса.

Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,

Керектісін ескеріп, ұмытпаса...-

ары қарай жалғастырып, өз көзқарасымен толықтырып айтады.

Оқушылар ой жалғасын тапқаннан кейін «Құптау белгісі» тәсілі бойынша жырдың мазмұнын, идеясы мен тақырыбын жұппен анықтайды.

Оқушылар ойларын дастан мазмұнына сай ретпен бір сөйлем арқылы жеткізеді.

Топпен жырдың тақырыбын, идеясын анықтап, қорытынды ойын постерге түсіріп жазады.

3-тапсырма:

«Әңгіме кестесі -2» әдісі

Оқушылар топқа «Қандай сурет» әдісі арқылы бөлінеді. Интерактивті тақтадан сұлу қыздың, батырдың суреті көрсетіледі. Оқушылар суреттің біреуін таңдап алады. Сол таңдаған суреттері арқылы топқа бірігеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек.

Топ мүшелері «Әңгіме кестесі -2» әдісі арқылы сюжет желісі бойынша Еңлік пен мен Кебектің монологын, шығарманың эпилогын құрастырады. Топ мүшелері алдымен рөлдерін бөліп алады.

Тапсырманы жазып болғаннан кейін оқушылар жұмыстарын экспертке тексеруге береді.

Барлық топтың тәуелсіз эксперттері жеке жиналады.Тәуелсіз эксперттер «Маған өз таңдауыңды жаса» әдісі негізінде жұмыстарды тексеріп, ішінен екі жұмысты таңдап алады.

Эксперттер жұмысты тексеріп жатқан кезде топтағы басқа оқушыларға дастан үзіндісінің өздеріне ұнаған төрт жолын жаттау ұсынылады.

Эксперттердің ішінен екі оқушы өздері таңдап алған жұмысты рөлге еніп сынып алдына шығып оқиды.

Сабақтың қорытынды бөлігінде сынып оқушылары дастанның өздеріне ұнаған бөліктерін орындарында отырып, сағат тілі бойынша айналып жатқа айтады. Сынып оқушылары шумақтарын жатқа айтқан айтқан кезде сюжеттік сабақтастыққа ерекше көңіл аударуы керек.

Бекіту

«Белсенді оқушы» тәсілі

Оқушылар шығарма бойынша «уақытты, мезгілді, оқиға болған жерді» анықтайды.

Оқушылар алдымен шығарманы жұпта дауыстап оқиды, одан кейін туындаған ойларын салыстырып талдайды, талқылап болғаннан кейін пікірлерін жинақтап шығарманың сюжеттік желісіне байланысты топпен интеллект карта құрады. Интеллект картасының құрылымын әр топ өздері таңдап алады. Әр топ әртүрлі (сызба, ағаш , торкөз т.б. түрінде болуы мүмкін) жеткізеді.

Оқушы жұмыстары бағалау критерийлері арқылы сыныпта бағаланады. Бағалау критерийі топ мүшелеріне алдын ала үлестірме қағазға жазылып таратылады.

5. Салыстыру

5-тапсырма «Иә және жоқ» әдісі

«Еңлік Кебек» дастаны - Шыңғыстауда болған оқиға.

Олардың артында бесікте жылап жас сәби қалды.

«Еңлік-Кебек» дастанын Абай жазған.

«Еңлік-Кебек» дастаны Шәкәрім Құдайбердіұлының туындысы.

Кебек – батыр, намысшыл ер.

6.Еңлік- бас бостандығын аңсаған қазақ қызы.

7.Кебек – халқының тәуелсіздігін аңсаған батыр.

8. Еңлік –Кебекке кесене орнатылған.

9. «Еңлік –Кебек» - батырлар жыры.

6. Бағалау

«Ойлан, тап» әдісі

Оқушылар берілген сұрақтарға дастанның сюжеттік желісі арқылы жауап береді. Әр топтан бір оқушы топ спикері болып сайланады.

Қалай?...

Қайда?..

Қашан?...

Не себепті?...

Неге?...

Кері байланыс: «Егер болса...» кестесі


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы