Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 14-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» дастаны

Оқу мақсаты:А/И1.Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар: Шығарманың композициялық құрылымын жан-жақты талдайды.

Миға шабуыл : «Кім? Сен кімсің?» ойыны

Бағалау критерийі:

1- тапсырмаОқиға доғасы» тәсілі

Оқушылар жұбымен «Еңлік-Кебек» дастанындағы оқиғаларды «Оқиға доғасының» А-Е элементтері анықтамаларына сәйкестендіреді.

А элементі : экспозиция – басталу, кіріспе

В элементі : оқиғаның дамуы, оқырманды тартатын өрбітуші оқиғалар

С элементі: шарықтау шегі, ең шешуші дамыған нүкте

Д элементі: шиеленісу, шарықтау шегі нәтижесінде туындайтын салдар

Е элементі: шешім, оқиға шешімін табатын соңы.

«Оқиға доғасы» тәсілі

Оқушыларға А-Е элементтеріне сәйкес келетін дастан үзіндісі таратылады.

Оқушылар оқиғаларды жұппен А-Е элементтері бойынша орналастырады.

«Еңлік-Кебек» мәтінін жеке оқып шығып, «1 минут» әдісі бойынша түсінгенін жұбына айтады.

Ал екінші оқушы жұбының сөзін мұқият тыңдап отырады.

Интерактивті тақтадағы таймер тоқтаған уақытта әңгіме аяқталады, жұбының пікірін тыңдаған оқушы келесі жұпқа естігенін айнытпай қайталап айтып шығады.

5 минуттың ішінде мәтінді 5 аралас жұп талқылап шығуы керек. «Еңлік-Кебек» мәтінін аралас жұпта талдап болғаннан кейін бастапқы жұп оқиға доғасының А-Е элементтеріне сай дастан нұсқасындағы оқиғаларды анықтамаға сай сәйкестендіреді.

2-тапсырма :«Күту уақыты»тәсілі

Оқушылар шеңбер құрып отырады.

«Күту уақыты» тәсілі арқылы кезекпен бір-біріне сұрақ қою мен жауап беруге уақыт беріледі.

Бірін-бірі күту арқылы оқушылар өз жауаптары мен ойларын жинақтауға мүмкіндік алады.

Тапсырма жұппен орындалады.

Күту уақыты екі түрлі бағытта жүреді. «Өз бағытыңды ұста» әдісі негізінде бірінші оқушы шығарманың композициялық құрылымын айтады.

Екінші оқушы әр бөлік бойынша жауап береді.

Оқушылар кезектесіп шығарманың композициялық жоспарын құрады.

Тапсырманың қорытындысында «Еңлік – Кебек» дастанының үзіндісін композициялық жоспарға сүйене отырып мазмұндайды.

3-тапсырма:

«Менің пікірім» әдісі

Оқушылар тапсырмаларды «Менің пікірім» тәсілі арқылы орындап, кестені дәптеріне толтырып жазады.

Дастан эпизодынан таңдаған ең маңызды оқиға туралы пікіріңді бір сөйлеммен жеткіз.

Осы оқиғаны неліктен таңдаған себебіңді түсіндір.

Осы себепті мысал түрінде сипатта.

Бекіту

«Триада» тәсілі

Оқушылар«Триада» тәсілі арқылы «соттар», «айыптаушылар», «адвокаттар» болып үш топқа бөлінеді.

Соттарға сотта қаралатын ісінде қоятын сұрақтарын, айыптаушыларға өздерінің сөздері мен дәлелдерін, адвокаттарға кіріспе мен қорғау сөзін дайындауға уақыт беріледі. Соттар сынып бөлмесінің әр бұрышына орналасады.

Әр соттың қасына айыптаушы мен адвокат отырады.

Тапсырма төмендегідей тәртіппен жүргізіледі: бірінші сот тәртібі бойынша айыптаушылардың өтініш сөздері тыңдалады. Өтініш сөз аз уақытты қамтуы керек. Адвокат өзінің қорғау мақсатын түсіндіреді, сот оған сұрақ қояды. Айыптаушы өзінің дәлелдерін келтіреді, сот оған сұрақ қояды.

Сот ісі аяқталып, сот алқасы «Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?» ісінің қорытындысы бойынша шешім шығарады. Барлық сынып оқушылары қайта жиналып, соттар сынып алдында шешімді жариялайды.

Мұғалім алдын ала шығармашылық қабілеті жоғары екі оқушыға дастанның соңғы бөлігіне сүйене отырып «Бала зары» жоқтауын жазуды тапсырады. Бұл оқушылар сот ісіне қатыспайды, жеке отырғызылады. Сот үкімін шығарғаннан кейін шығармашылық жұп өздері жазған «Бала зарын» оқиды.

5. Салыстыру

5-тапсырма «Түсініктеме күнделігі» әдісі

Бір топта төрт оқушы болады.

Топ мүшелері өздері таңдаған эпизодтар бойынша жұбымен екі түрлі түсініктеме күнделігін толтырып жазады.

Оқушылар жұппен тапсырма нұсқасымен танысады.

Танысып болғаннан кейін бірінші жұп «Түсініктеме күнделігіндегі» екінші баған тапсырмасын орындайды, екінші жұп бұл кезде уақытты қадағалап бақылаушы болады. Одан кейін жұптар алмасып, екінші жұп үшінші баған бойынша тапсырманы орындайды.

Жұмыстарын басқа топтың жұмыстарымен салыстырып, пікір алмасады.

«Жүйелеу» тәсілі бойынша бірінші жұп 2 минут ішінде эпизодтардағы маңызды, ең негізгі бөліктерді «Түсініктеме күнделігінің» «эпизодтың басталуы» бағанына жазады.

Қалған екеуі уақытты қадағалап тұрады.

Уақыт аяқталған кезде жазылған негізгі оқиға бойынша екінші бақылаушы жұп «түсініктеме» бағанын толтырады.

Тапсырманы белгіленген уақытта аяқтағаннан кейін топтар өзара жұмыстарымен алмасып, бірін-бірі тексереді, түсініктеме күнделігіндегі ойларын басқа топ жұмыстарымен салыстырып толықтырады.

«Түсініктеме күнделігі» әдісі

6. Бағалау

«Мозаика» әдісі

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Тақтаның алдына екі үстел қойылады.

Үстелдің үстінде сыртында «Еңлік және Кебек» деп жазылған екі конверт жатады.

Оқушылар конвертті ашып, «Мозаика» тәсілі арқылы конверттің ішіндегі дастан оқиғаларына сай берілген сурет қиындыларын 2 минутта біріктіріп құрастырады.

Топ мүшелері сурет қиындыларын құрастырып жатқанда Р.Рымбаеваның орындауындағы «Еңлік-Кебек» әні ойнап тұрады. (http://mp3prima.net/song/75453550/Roza+Rymbaeva+VIA+Aray+1985+g+Elk+Kebek) Құрастырған суреттерін шығармадағы оқиға бөліктерімен байланыстырып, топта талқылайды.

Талқылау аяқталғаннан кейін оқушыларға 5 минутта «Жазықсыз жазаланған қос ғашық» оқиғасын құрастырып айту тапсырылады. Оқушылардың қалауы бойынша уақыт мерзімін ұзартуға болады.

Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін әр топтан екі оқушы шығып, кезекпен өздері құрастырған оқиғаларын айтады. Тоқтап қалса келесі екі жұп шығып, ары қарай жалғастырады.

Әр топтың спикерлері жауаптарды тыңдап, критерийге сай бағалайды.

Кері байланыс: «Мен нені үйрендім...» кестесі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу