Қорқыттың нақыл сөздері. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 6-сабақ.


сАБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

ҚОРҚЫТТЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

ОҚУ МАҚСАТЫ

8.Б/С1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

САБАҚ МАҚСАТЫ

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады;

Тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

АЛПАМЫС БАТЫР

1-тапсырма Ж/Т.

«Басымдылық пирамидасы»

1-топ.

«Бәмсі-Байрақ туралы жыр» мен Алпамыс батыр жырының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыздар.

2-топ.

Қорқыт Атаның нақыл сөздері мен қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыздар.

3-топ.

«Бәмсі-Байрақ туралы жыр» мен Алпамыс батыр жырының тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, дәлел ретінде мәліметтер немесе айғақтар ұсыныңыздар.

4-топ.

Қорқыт Атаның нақыл сөздері мен қазақ мақал-мәтелдерінің тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, дәлел ретінде мәліметтер немесе айғақтар ұсыныңыздар.

 

2-тапсырма жЖ.

«Шығармашылық ізденіс»

Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, шағын зерттеу жұмысының тезисін жазыңыздар.

Қорқыт Ата жырлары – түркі мифологиясының қайнар көзі.

«Қорқыт Ата кітабы» – ұлт тарихы мен мәде­ниетінің Бас кітабы.

Қорқыт Ата шығармаларындағы тарихи және көркемдік құндылықтардың маңызы.

Қорқыт Атаның нақыл сөздеріндегі тәлімдік идеялардың қазақ мақал-мәтелдерімен үндестігі.

Бәмсі-Байрақ пен Алпамыс батыр – ел бірлігін нығайтқан ерлер.

Қорқыт Атаның мәңгілік өмір мен өмірдің мәні туралы толғаныстарының тарихи құндылығы.

3-тапсырма Ж.

«Бұрыш» стратегиясы

Оқушылар өздеріне «Бұрыш» таңдау арқылы Қорқыт ата кітабының тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

1-бұрыш:

Толғау тарихи құндылығымен бағалы, өйткені...

2-бұрыш:

Толғаудың көркемдік құндылығы басым, себебі...

3-бұрыш:

Толғау тарихи да, көркемдік те құндылығымен бағалы, неге десеңіз...

4-бұрыш: Екі ойлымын, менің топшылауымша ...

4-тапсырма ТЖ.,Ж.

«Автор орындығы»

Бір-біріңіздің жазбаларыңызды оқып танысыңыздар. Ең үздігін (әр топтан бір оқушы) сынып алдында оқуға ұсыныңыздар.

КЕРІ БАЙЛАНЫС: БЛОБ АҒАШЫ

Үйге тапсырма:

https://yandex.kz/video/search?filmId=8905941902708206793&text=%D0%90%D0%BB%D0%BF%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%81%20%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%20%D0%B6%D1%8B%D1%80%D1%8B%20%D1%82%D0%B5%D0%BA%D1%81%D1%82&noreask=1&path=wizard сайтынан «Алпамыс батыр» жырының бейнебаянын тыңдап, сюжеттік жоспарын жазып келіңіздер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу