А.С.Пушкин «Ескерткіш». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары


Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Тыңдалым алды тапсырмасы.

Интербелсенді тақтадан кесте көрсетіліп, оқушылар жауабын белгілейді. Дәл тапқан оқушылар жұлдызшамен мадақталады.

Кейбір тұсында мұғалім бағыт береді.

Тапсырмалар

иә

жоқ

А.Пушкин -орыстың ұлы ақыны

Ол өлеңдерін қазақша жазған

Өлең –шағын көлемді поэзиялық шығарма

Ақын өлеңінде өз жайын, арманы мен мұңын жырлайды.

Ақын өлеңіндегі қаһарман - халық

Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді.

ТЖ Оқушылар ақын өлеңін оқулықтан оқи отырып, «Әдеби шеңбер» әдісімен тапсырма орындайды.

1-оқушы-талқылаушы

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын табады.Дәлелді ой айтады.

2-оқушы-белгілеуші

Өлеңдегі ақын бейнесін анықтайтын тұстарын белгілеп, түсіндіреді.

3-оқушы-байланыстырушы

Шығармадағы тұлғаны адамгершілік тұрғыдан талдайды.Оны шынайы өмірді байланыстарды.

4-оқушы-қорытындылаушы

1. Автор өлең арқылы айтайын деген ойын 1 сөйлеммен түйіндейді.

5-оқушы-суреттеуші

Өлеңге сай етіп сурет салады. (мультфильм бейнелерін, диаграмма, сызбаларды қолдана алады).

(топ ішінде жұмыс жасауға уақыт белгіленеді.)

Оқушылар рөлдеріне сай жауаптарын жалпы сыныпқа түсіндіреді. Топтар бір-бірінің жұмысын тексереді, өзара талқылайды.

Оқушыларға бағалау критерийлері беріледі.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Шығармадағы тұлғаны адамгершілік тұрғыдан талдайды.

Ақынның адамгершілік қасиетіне өлеңнен дәлел келтіреді.

Оны шынайы өмірмен байланыстырады

Поэзиядағы автор бейнесін анықтайды.

Өлеңдегі ақын бейнесін анықтайды.

Авторға баға береді.

[attachment=28211:alyptastyrushy-baalau-tapsyrmalary-3.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу