А.С.Пушкин «Ескерткіш». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.


А.С.Пушкин «Ескерткіш»

Сабақтың оқу мақсаттары:

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.

Бағалау критерийлері:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасайды.

Эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазады.

Мұғалім түсіндірмесі:

Символ – көркем бейне мен ұғымның қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Құбылтудың бір түрі.

Синекдоха (мегзеу)- бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.

Мысалы: Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,

Бермек болған айғырдың көзі қайда? (Абай).

Қайталаудың түрлері:

Анафора- өлең тармақтарында бір сөздің не сөз тіркес-

терінің жол басында қайталануы.

Эпифора- өлең тармақтарында бір сөздің не сөз тіркес-

терінің жол аяғында қайталануы.

Нақты

Ескерткіш

Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес,

Ел ізі оған салған суи білмес

Асқақтап Александр мұнарасынан

Жоғары оқшау шығып, тұрар дербес.

Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,

Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.

Бар болса,жалғыз ақын ай астында

Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.

Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,

Тіл біткен жүрер менің атымды атап,

Славян елдерінің әр ұрпағы

Қазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмақ.

Халқыма сүйікті ұзақ болар жерім-

Туғыздым өлеңіммен мейірлерің

Жыр етіп тар заманда еркіндікті

Мархабат пақырларға тілегемін.

Уа, муза, құлағың сал, сөзіме бақ,

Жабықпа жәбірлеуден, тілеме атақ,

Мақтауды, жаламенен тыңда салқын,

Тіреспе тіл үйіріп, не десе ақымақ.

Аударған Ғали Орманов.

 

Рефлексия

Мен үшін ең...

Мені қызықтырған ең...

Маған ұнағаны ең...

[attachment=28205:krsetilimder.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу