Бауыр әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, презентация.


Үй тапсырмасын тексеру.

Қалидың ағасы – Манап.

Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна.

Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев.

Қали ән айтып, би билегенді ұнатады.

«Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындыққа тізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын». Виктория Ивановнаның сөзі.

«Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті.

«Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі.

Қали жетінші сыныпта оқиды.

Балалар үйі Өскеменде орналасқан.

Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі.

Бөлім: Адамгершілік - асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы:

«Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі

Оқу мақсаттары:

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;

Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Сабақ мақсаттары:

- Сұрақтарға нақты жауап беру;

- Шығарма желісімен байланыстыру;

- Кейіпкерлерге портреттік мінездеме беру;

- «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырманы орындау.

 Сергіту сәті. «Меломен» тобының орындауындағы «Перзент арманы» әні

https://www.youtube.com/watch?v=vlSybr6x0QA

1-тапсырма.

1. Манап балалар үйіне не үшін келді?

2.Балалар үйі туралы естулерің бар ма?

3. Қалиды көргенде Манаптың бойын қандай сезім биледі?

4. Балалар үйінің директоры Манапты қалай қарсы алды?

5. Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы қалай ұйымдастырылған?

6. Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай, ол немен әуестенеді?

7. Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?

8. Манап ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқанда Қали неге жайбарақат қабылдады?

9.Қалидың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, арман-қиялдары қандай? 10. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме?

Бағалау критерийлері:

- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді;

- Шығарма желісімен байланыстыра алады.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме беру.

Бағалау критерийлері:

Кейіпкерлерге портреттік мінездеме бере алады.

Тура мінездеме мен жанама мінездемені ажырата алады.

ТОПҚА БӨЛІНУ.

1-топ.

2-топ.

3-топ.

4-топ.

3-тапсырма. Топтық жұмыс. «FILA толтыру» әдісі.

F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау.

I /Пікір / – кейіпкер туралы өзінің ой, пікірі.

L /Сұрақ/ – кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар.

A /Іс-әрекет/ – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.

Бағалау критерийлері:

- Кейіпкер бейнесін ашатын деректер таба алады;

- Кейіпкер туралы өзінің ойын білдіреді;

- Кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар құрастыра алады;

- Автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілін анықтайды.

Кері байланыс.

Үй тапсырмасы. «Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың

портретін жаттау.

[attachment=27253:5-synyp_aza-debieti_bauyr-gimesindegi-kejipkerler-lemi_prezentacija.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу