Туризм: экотуризм. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Cабақтың тақырыбы:
Туризм: экотуризм
Сабақтың мақсаты:
Тақырып бойынша ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау, мәтінде тыныс белгілерін қолдану.
Бағалау критерийі
ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін біледі;
жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
мәтінде тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратып, графикалық органайзерге жаз.
2-тапсырма. Мәтін үзіндісіндегі тыныс белгілерінің қолданысын түсіндіріңіз.
Туристер Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға барып, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтарын немесе әйгілі Маңғыстау қорымдарын көре алады. Қазақстанның заманауи өмірімен Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен және Ақтау қалаларында танысу қолайлырақ болады, себебі туристік инфраструктура кез-келген талғам мен бюджетке қарай қызметтерді ұсынады.
Дескриптор:
Мәтінді оқып, құрылымын ажыратады;
Ресімделуін анықтап жазады;
Мақсатты аудиториясын тауып жазады;
Стилі, жанрлық ерекшеліктеріне талдап жазады;
Тыныс белгілерінің қолданысын талдай алады.
Тыныс белгілерін сауатты қолдана отырып, «Өлкемнің әсем табиғаты» тақырыбында шағын баяндама әзірлейді.
Дескриптор:
Баяндама мәтінін талапқа сай ресімдейді;
Ойын жүйелі жеткізеді;
Тыныс белгілерін сауатты қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?