Зияткерлік миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі | Мектеп: | |||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 11 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Зияткерлік миграция (2-нұсқа) | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау; 11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану | |||||
Сабақтың мақсаттары | Мамандандырылған тар аядағы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау. Сөйлеу барысында әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану. | |||||
Бағалау критерийі |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Табиғи өсім, ахуал, қоныс аудару, көші-қон. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны... | |||||
Құндылықтарды игерту | Отбасылық құндылықтарды дарыту, еліміздің демографиясы туралы мәліметтерді білу. | |||||
Пәнаралық байланыс | Экономика пәні | |||||
Бастапқы білім | 9-10 сыныптарда алған білімдері мен білік, дағдыларын қолданады. | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | Оқушылар суреттерді таңдау арқылы төрт топқа бөлінеді. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы тақырыптық байланыс жасау.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, оқушылармен бағалау критерийлерін талдау. | МД слайд | ||||
Сабақтың ортасы 5-15 15-30 30-35 | 1.Қызығушылықты ояту Тыңдалым, айтылым алды тапсырма Бұрыш стратегиясы
Мағынаны тану Оқушыларға «Елімізден шетелге барып білім алғысы келетін жастардың саны артып келеді» тақырыбындағы бейнематериал ұсынылады. Тыңдалым айтылым тапсырмасы 1. Бейнематериалда миграцияның қандай түрі туралы айтылған? /зияткерлік миграция/ 2.Бейнематериалды қолданылған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жұпта талдаңыз. 3.Сөйлеу барысында әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз. Дескрипторлар:
Тыңдалым айтылымнан кейінгі тапсырма Зияткерлік миграция Қазақстан үшін тиімді ме? Ойыңызды FILA тәсілі арқылы жеткізіңіз. Бағалау.Оқушылардың және мұғалімнің сындарлы кері байланысы арқылы бағаланады. | Сұрақ-жауап https://www.youtube.com/watch?v=ckbo9uRfkOY
| ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «3 маңызды» әдісі бойынша бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды. Зияткерлік миграция... Мен үшін маңызды, себебі......... Жастар үшін маңызды, себебі......... Қоғам үшін маңызды, себебі......... | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?