Қазақстандағы радиациялық жағдай. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 7 сабақ. 1 нұсқа.


САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Оқылым мәтіні бойынша конспектілеу арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ

Тақырыпқа сай ұсынылған оқылым мәтінін конспектілеу арқылы ондағы негізгі ақпараттарды тауып іріктей алады.

ЖАЗЫЛЫМАЛДЫ ТАПСЫРМА

1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

- Адам қолынан жасалып жатқан қандай табиғи зардаптарды білесің?

- Табиғат адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы дегенді қалай түсінесің?

- Адамсыз табиғат, табиғатсыз адамның өмір сүруі мүмкін бе? Неліктен?

ЖАЗЫЛЫМАЛДЫ ТАПСЫРМА

2-тапсырма. Төмендегі теориялық ақпаратты оқы. Маңызды тұстарын дәптеріңе түртіп ал. Берілген нұсқаулыққа назар аудар. Келесі тапсырмаларды орындауда басшылыққа ал.

Жинақы мәтін дегеніміз - бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтап, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.

Есіңде болсын!

Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.

Егер кітап болса, түпнұсқа мәтіні 99% ықшамдалады.

Өз ойларыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды.

Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұруы керек.

ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

3-тапсырма. «Қазақстандағы радияциялық жағдай» тақырыбындағы мәтінді оқы. Тапсырма нұсқаулықты басшылыққа алып, мәтінмен жұмыс істе.

Мазмұндық өңдеу:

Мәтінді мұқият оқы.

Негізгі, қосымша ақпараттарды анықта.

Қосымша ақпараттарды сызып таста.

Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгіле. Автор ойын анықта.

Автор ойы арқылы негізгі ақпараттарды тап, оларды дәптеріңе жазып ал.

 

ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

4-тапсырма. Жазған конспектіңді тағы бір қайталап оқы. Автор идеясын білдіретін сөздердің астын сыз.

- алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай білу. Мысалы:

- қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;

- сөздерді синонимдермен алмастыру;

- бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.

 

ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІНГІ ТАПСЫРМА

Қазақстандағы радиациялық жағдайды қалай түзетуге болады?

Ойыңды «Төрт сөйлем» тәсілімен жинақтап айт.

1. Пікір. Тыңдаған материал бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазу.

2. Дәлел. Пікірін бір сөйлеммен дәлелдеу.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіру.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығару.

ДЕСКРИПТОР

мәтінді оқиды, негізгі ақпараттарды табады;

негізгі, қосымша ақпараттарды ажыратады, конспектілейді;

негізгі ақпараттарды жазып алады;

автор идеясын білдіретін сөздер мен тіркестердің астын сызады.

РЕФЛЕКСИЯ

«Дауыстап айтылатын ой»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу