ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ.


Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер.

Мақсаты

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау.

Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, толғандырады.

Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері.

Оқушылар «Экологиялық проблемалар» тақырыбына ассоциация жасайды.

Оқушылар адамзат дамуына әсер ететін ядро және мұнай өндірістері жөнінде ақпарат жинайды. Табиғатқа әсер етуші факторларды көрсетеді. Экология аясындағы мәселелерді кестеге тізбектеп жазады:

Жұмыс алгоритмі:

Оқушылар топта жұмыс жасайды.

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды және өз пікірлерін білдіреді.

Автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, келесі топтағы оқушыларға тақырып аясында сұрақтар құрастырады.

Тыңдалымалды тапсырмасы

Адам өміріне жаһанданудың әсері жайлы оқушылар өз ойларын ортаға салады. Екі топқа бөлініп, жаһанданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін сызба арқылы көрсетеді.

Қазіргі әлем елдері алдында тұрған экологиялық мәселелер

Кері байланыс

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу