Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер жайында пікірлер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер | Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: | ||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер жайында пікірлер | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу. | ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
| Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тиісті ақпаратты анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Синонимдер, сөздердің тура мағынасы, терминдер, неологизмдер, сұраулы және лепті сөйлем. | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Ашықтық, өмір бойы оқу, құндылықтарды дәріптеу | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
3 минут | Қызығушылықты ояту Топқа бөлу. Шешендік сөздер неден бастау алады? Біздің заманымызға дейін қалай жетті? Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 20 мин 12 мин | Мағынаны тану Тыңдалым алды тапсырмасы. Төмендегі кестеде берілген сөздердің мағынасын жазып ЖЖ., шешендік сөздермен байланыстырып айтады.
Тыңдалым тапсырмасы Мәтіннің әр бөлігін тыңдап, болжам жасайды.
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады. Шешендік өнерге ерте замандардан-ақ үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Болжам ...................................................................................... Пратогор, Демосфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды. Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… Болжам ...................................................................................... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. Қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол Болжам ..................................................................................... халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Қ.Бейсенов өз ойын былайша өрбітеді: «Қазақ топырағында қалыптасқан рухани кеңістікте, Әл-Фарабиден Абайға дейінгі аралықта бұл (шешендік өнер) туралы айтқан ой саңлақтары баршылық. Мысалы, Әбунасыр бабамыздың логиканы біртұтас ойкешті ғылымдық жүйеге түсіріп, оның танымдық тәсілдерін айқындап бергені белгілі. Шешендік өнерге байланысты айтылған Әл-Фарабилік ойларға қысқаша тоқталсақ, онда ол диалетиканың қарапайым пікір таластырушылық өнер емес, ақылды ұстартатын ой кешу тәсілі екендігін баса айтқан болатын. Диалетика осы қасиетімен шешендік өнердің арқауы бола алады. Әл-Фараби диалетика мен риториканың тамырластығын бағамдай отырып, сонымен қатар, олардың айырмашылықтарын да көрсете білген. Айталық, егерде диалетика тек шынайы білімге негізделген, қисынды дәлелдер арқылы тұжырымдалатын ой түю тәсілі болса, риторика шешендік қисынға, ой жүйелілігіне, ұғымдар үйлесіміне негізделеді». Қазақ халқының сөз өнері, шешендік өнері жайында тереңнен ой толғап, нақты тұжырымдар жасаған ғалымдардың бірі – Р.Сыздықова. Автор шешендік өнер дәстүрі тарихына тоқтала келіп, шешендік өнер мен шешендік сөз ұғымдарының ара-жігін ажыратып көрсетеді. Болжам ...................................................................................... Біздіңше “шешендік сөз” деген терминді бұрынғысынша шешендік өнердің іс жүзінде асқан нәтижесін атауға қалдыру керек, яғни фольклор мұрасының бір жанрын және қазіргі кезде шешен айтылған сөзді осылайша атау керек те, шешендік өнердің, сөзге шеберліктің өзін сәл болса да өзгешелеу атау қажет. Бұл ұғымға “шешендік” деген абстрактілі есімді теліп, ол – “шешен сөйлеу” деген актінің атауы болса дейміз. Демек, әрі қарай біз орыс ғылымында «ораторское искусство, риторика, красноречие” деп жүрген категория сөз болған жерде «шешендік сөз» деген тіркесті актінің нәтижесі, материалы дегенге береміз,” – дейді автор. Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.
Дескриптор: Мәтін бөліктерін түсінеді; Үзінділері бойынша болжам жасай алады; Тиісті ақпаратты анықтай алады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша тапсырманы орындайды.
| https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22440
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия
| Рефлексия парағы | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?