Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып,, сабақ жоспары. 7 сабақ. 2 нұсқа.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі.

Шешендік сөздер

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Жазба жұмысын абзацтарға бөледі;

Орфографиялық нормаға сай жазады;

Көптеген оқушылар:

Ойын дұрыс жүйелейді;

Стильдік түзетулер енгізеді;

Кейбір оқушылар:

Жазба жұмысын орфографиялық нормаға сай және стильдік ерекшеліктерін ескеріп жазады.

Бағалау критерийі

Жазба жұмысында ойын дұрыс жүйелеп, стильдік түзетулер енгізеді; орфографиялық норманы сақтайды;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: мүдірмеу, ұйқас, ырғақ, ғылыми тұжырымдама, орфографиялық норма, емле

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: орфогорафиялық сөздік, шынтуайтында, пікірімізге дәлел келтірсек, менің ойымша, қорыта айтқанда

Пәнаралық байланыс

тарих

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

Өткен сабақта жазған эссе бойынша жұмыстар жүргізеді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

Сынып 3 топқа бөлініп, төменде берілген ұғымдар бойынша ақпараттар тізбегін ұсынады.

- орфографиялық норма

- азат жол

- ғылыми стильге тән ерекшеліктер

Кері байланыс:

Сіз азат жолға жазу кезінде нені ескермей жүрсіз?

Орфографиялық нормаға сай жазу үшін қандай құжатқа сүйенген дұрыс?

Ғылыми стильде жазылған мәтінді өзге стильден қалай ажыратуға болады?

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

5 минут

7-8 минут

Дескриптор:

мәтінді абзац пен бөліктерге бөледі;

стильдік түзетулер енгізеді;

орфографиялық нормаға сай жазады.

Ж-ЖЖ

Берілген мәтінді оқыңыз, азат жолдарды ажыратыңыз.

(Оқушылар алдымен жеке орындап, кейін жұппен талқылайды)

«Бетпе –бет» әдісі

Оқушылар бетпе-бет жұпта отырып, өздерінің ойларын дәлелдейді. Мұғалімнің нұсқауымен орын ауыстырып, бірнеше оқушыға таныстырылым жасайды.

Кері байланыс:

Сіздің ойыңызша кімнің мәтінді абзацтарға бөлуі дұрыс?

Жіберген кемшіліктер бар ма? Себептері неде?

Т. Оқушылар мәтінді зерттеп оқып, берілген сұрақтар төңірегінде талқылау жүргізеді.

Берілген мәтінде ғылыми стильге тән емес тұстары байқала ма?

Қандай түзетулерге енгізуге болады?

Таныстырылым. (мұғалім уақытты тиімді қолдану үшін 2-3 сөйлемді тақтаға жазғызып, сыныппен талдай отырып, түзетуіне болады)

«Аялдама» әдісі. Топта 1 спикер қалып, таныстырылым жасайды. Оқушылар сағат тілімен айнала жүріп, барлық топтың жұмысын тыңдайды.

Б. Орындалған тапсырма бойынша қандай түйін жасар едіңіз?

Ж.Ж. Оқушылар өздерінің алдыңғы сабақта жазған эсселері бойынша түзету жұмыстарын жүргізеді.

Жұптар бір-бірінің жұмысындағы қателерді түзетіп, кері байланыс беруіне болады.

Қате жазылған сөз

дұрысы

емлесі

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

https://bigox.kz/kazak-xalkynyn-sheshendik-oneri/

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия:

Ғылыми стиль ...

Азат жол...

Орфографиялық норма...

Мәтін

Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады. Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.

Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. «Қазақ әдебиеті тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», – деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.

https://bigox.kz/kazak-xalkynyn-sheshendik-oneri/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу