Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ. 2 нұсқа.


Сабақ: 8

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі.

Шешендік сөздер

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)

11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Қажетті ақпараттарды орынды қолданады;

Көптеген оқушылар

  • Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді;
  • Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады;

Кейбір оқушылар

  • Көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;

Бағалау критерийлері

  • Ақпаратты орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;
  • Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:шешендік сөздер, қазақтың би-шешендері, халық ауыз әдебиеті, даналық сөздер;

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, менің түсінгенім, біздің пайымдауымызша

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың осыған дейінгі білік –дағдылары қолданылады

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

5 минут

Ұйымдастыру.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийі (дескриптор) таныстырылады.

«Ой қозғау»

Жақсылардың үлгісіЖанып тұрған шамдай.Шешендердің сөздеріАғып тұрған балдай.

Ақын — ұлттың жүрегі,Шешен — көптің тірегі,Батыр — көптің білегі.

Берілген нақыл сөздердің мағынасын ашу арқылы пікір білдіру (келісу, келіспеу)

1-слайд

Сабақтың ортасы

8 минут

10 минут

10 минут

5 минут

ТЖ. Жазылым алды тапсырмасы.

Шешендік сөздерді дау-тартыстарда қолданылатын сөз үлгілері деп білу оның аясын тарылтып, жаңсақтыққа бой алдырады. Көпті көрген өнегелі адамдардың бата-тілектерінде, насихат-нақыл сөздерінде де шешендік сөздердің небір үлгілері кездеседі.

Жасы үлкеннен, аузы дуалы қариядан бата алу – байырғы қазақтың салтында бар жоралғы. Шешендікке, билік айтуға талаптанған жастар елге атағы шыққан би-шешендерден бата, таңдаған жолына рұқсат алатын болған. Батырлығымен қоса жастайынан әділдігі және шешендігімен «Бала би» атанған Сырым Датұлының Малайсары, Алдар, Есет секілді билерден бата алғандығы, ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерде айтылады.

Сырым алғаш рет Байұлы мен Әлім рулары арасындағы арты ұзаққа, барымтаға созылған дауға билік айтқан. Құн даулап келген бала жігітке Әлім руының Ақсуат биі: - Сырым, шырағым! Баланың екі түрі болады: үй баласы, ел баласы. Ел арасының бүтіндігін ойлап, ел баласы болайын деген ер екенсің, мұратыңа жет, бағың ашылсын! - деген аталы сөзін айтса, Сырымның тапқырлығын, тілінің өткірлігін байқаған Малайсары би: - Кеудең тола бауыр болсын, Арқаң қара нардай жауыр болсын. Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін, Құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін, Бірақ жасың жетпіске жетпесін!- деп батасын берген екен.

1.Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтіннің мазмұнымен танысып, FILA кестесі бойынша талдайды.

F (facts) – мәтінде айтылған фактілерді (мәтіндегі негізгі ақпаратты) теріп жазады.

I (ideas) – мәтінде көтерілген мәселеге, бірінші бағандағы фактілердің орындалуына себеп болған мәселелерді болжап жазады.

L (learning issues) – туындаған мәселелерді (идеяларды) жүзеге асыруға көмектесетін сұрақтар құрастырады.

A (аction plan) – мәселені шешетін нақты жоспар құрады.

Б. Топтан бір өкіл сайланады. Топ өкілі басқа топқа барып, толтырылған кестені оқушыларға таныстырады. Тыңдаушы топ кестенің тыңдалым мазмұнына сай және бағандар тақырыбына сай дамытылып жазылғандарына баға береді.

Жазылым тапсырмасы

С. Оқушылар дискуссивті эссе ерекшелігімен танысады.

Оқушылар дискуссивті эссе жазу барысында қойылған мәселе/тақырып бойынша жан-жақты көзқарастарды білдіреді. Кіріспесінде аталмыш сұрақпен неліктен айналысу маңызды екенін жазып, мысалдарға сүйене отырып, мәселені жан-жағынан қарастырады да, қорытындысында өз пікірін жазып, екі жақтың біреуіне де бет бұрмағандығын аңғартады.

СЖ. Тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешу жолдарын көрсетіп, өз көзқарастарыңызды білдіріп, дискуссивті эссе жазыңыздар.

Тақырыптар:

  • Шешендік сөздерді дау-тартыстарда қолданылатын сөз үлгілері деп білу оның аясын тарылтып, жаңсақтыққа бой алдырады. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
  • Көпті көрген өнегелі адамдардың бата-тілектерінде, насихат-нақыл сөздерінде де шешендік сөздердің небір үлгілері кездеседі. Сіз қаншалықты келісесіз?
  • Жасы үлкеннен, аузы дуалы қариядан бата алу – байырғы қазақтың салтында бар жоралғы. Келісу, келіспеу пікіріңізді білдіріңіз.

Дескриптор:

  • Эссе құрылымын сақтайды;
  • Өзіндік көзқарасын көрсетеді;
  • Мәселенің шешу жолын көрсетеді;
  • Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады;

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Таныстырылымда «Нөмірленген сандар» немесе «Ыстық орындық» әдістерінің бірі қолданылады.

Кері байланыс. «Ең...»

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/5-synyp/angyz-anggimeler-sheshendik-sozder/lesson/9-syrym-men-malai-sary

А3 форматты қағаз

маркер

2-слайд

3-слайд

4-слайд

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгін мен үшін ....... маңызды болды.

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.*......................... екенін түсіндім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу