Қазақ драма театры мен кинематография. Кино өндірісі мен театр өнерінің мүмкіндіктері. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ. 2 нұсқа.


ІІ бөлім:

Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер

Мектеп: НЗМ Қызылорда қаласы

Сабақ тақырыбы

Қазақ драма театры мен кинематография.

Кино өндірісі мен театр өнерінің мүмкіндіктері

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаты

11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы:

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу ережелерін қолданады; талқылау кезінде топта атсалысады.

Оқушылардың көпшілігі:

тыңдаушыларға ықпал ету әдістерін пайдаланады, интонацияны орынды қолданып сөйлейді;

Оқушылардың кейбірі:

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешендікпен сөйлеп, тыңдаушыларға ықпал ете біледі, дербес пікір білдірді.

АКТ пайдалануы

Оқушылар таныстырылымды, АКТ мүмкіндігін еркін пайдаланып, ғаламтордан қажетті мәліметтерді іздеп табады.

Пәнаралық байланыс

Өнер , тарих, әдебиет

 Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Адам және оның денсаулығы- мемлекеттің басты байлығы

НЗМ құндылықтары:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапкершілік;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Мақсатқа сай топта ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, оқушылар тіл мәдениетін сақтауға, лексика-грамматикалық нормаларға сай сөйлеуге, көркемдегіш құралдарды орынды падалана отырып, сөйлеуге жаттығады.

 Бағалау критерийі

АКТ мүмкіндігін еркін пайдаланып, қажетті ақпаратты анықтай алады;

Көзқарасын дәлелдеуде өзіндік идея қоса алады;

Тақырыпқа сәйкес негізгі идеяларды анықтай отырып, дәлелді, көркем сөйлейді.

 Тілдік

 міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Диалог үшін қажетті сөздер:менің ойымша, менің байқағаным, олай дейтін себебім, демек, ғалымдардың пікірінше, композициялық тұтастық, аргумент, фактілер

Алдыңғы білім

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

10 мин

5 мин

1.Сәлемдесу. Суреттер арқылы тақырыпты анықтау.

«Стоп кадр» әдісі бойынша қызығушылығын ояту.

Осы суретте бейнеленген адамдар кімдер? Суретке түскенге дейіңн және кейін қандай оқиға болды деп ойлайсыздар? Оның бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар?

Жауабы: тұңғыш киноны 1895, ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер

 ойлап тапқан. Ол “жанды фотография” түрінде пайда болып, көп кешікпей көркем фильм, деректі кино және ғылыми-көпшілік кино деп аталатын үш салаға бөлінді. Тұңғыш фильмдерде баяндалатын оқиға таспаға ірі бөлшектермен түсіріліп, бір-бірімен астына жазылған мәтіндер арқылы ғана жалғасты. Кинода дыбыс болмағандықтан, актерлер сөйлейтін сөздің орнын театрлық шебер ойынымен, бейнелі ыммен толықтырды.

2. Оқушылар ұсынылған тақырыпқа байланысты 3 топқа бөлінеді:

Отандық тарихи фильмдер рухани жаңғыру бастауы бола ала ма?

1.Жақтаушылар.

2. Даттаушылар

3. Сарапшылар

«ОЙ ШАҚЫРУ» сұрақтары

Қазақстанда кино өнері қалай дамыған?

Бұл өнерде қандай қиындықтар бар деп ойлайсыздар?

Еліміздегі театр өнері туралы не айта алар едіңіздер?

Қандай жағы дамытуды қажет етеді?

Сабақтың оқу мақсатымен, күтілетін нәтижемсен, бағалау критерийімен таныстыру.

Оқушыларға слайдтан театр және киноматография тарихы туралы ақпарат беріледі.

Сергіту сәті:

«Алтын балыққа арналған аквариум» ойыны

Мақсаты: топқа идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді, идеялар алмастыруды дамытады.

3. Топтық талқылау

Жаттығудың сипаттамасы:

Ұсынылған тақырып:

Отандық тарихи фильмдер рухани жаңғыру бастауы бола ала ма?

1-топ. Жақтаушылар

2- топ. Даттаушылар

3-топ. Сарапшылар

Сарапшылардың бағалауы. Бағалау дескрипторы:

  • Тақырыпты ашып, жүйелі сөйлейді;
  • Көзқарас, пікірлерін кемінде 3 аргумент, бірнеше деректермен дәлелдейді;
  • Өз көзқарастарына қарсыластарын өткізу үшін ашық сұрақтарды ұтымды қоя алады;
  • Топ мүшелері сөйлеу барысында 2 мақал-мәтел, 1 теңеу, 1 тұрақты тіркесті орынды қолданады.

Сарапшыларды бағалау дескрипторы:

  • Өз сараптамаларын дәлелді түрде жасайды;
  • Сендіріп жүйелі сөйлейді;
  • сөйлеу барысында 1 мақал-мәтел, 1 теңеу, 1 тұрақты тіркесті орынды қолданады.

Әр топта бір оқушы бақылаушы қызметін атқарады. Ол оқушыға мұғалім бақылау парағын ұсынады. Бақылаушы топтағы оқушылардың топтық жұмысқа қосқан үлесі, топтағы іс-әрекетін бақылайды.

Оқушы

ның аты-жөні

Топтық жұмысқа қандай идея ұсына алды?

Топтық жұмыстың нәтижелі болуына қандай үлес қосты?

Ф (рубрикаға сүйене отырып, өзін және сыныптастарын бағалайды)

Кері байланыс

  • Шешендік өнерлері бойынша өздерін өздері бағалайды,
  • жақсы шыққан топ жұмыстарын саусақ әдісімен марапаттайды,
  • жетілдіретін тұстары болса ұсыныс айтады.

Бақылаушы оқушы оқушылардың топтағы іс-әрекетіне баға береді. Топ жұмысының сәтті, сәтсіз шығу себебіне оқушылар өзара талдау жасайды.

Топ жұмысының сәтті, сәтсіз шығуына топ мүшелерінің үлесі жайлы талдау.

1.Топ жұмысының сәтті шығуына кім белсенділік танытты?

2. Кім және не кедергі болды?

3. Оны қалай шешуге болады?

https://sputniknews.kz/society/20190327/9673947/kazakstan-teatrynyn-kazirgi-zhagdayy.html

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B8%D0%BD%D0%BE

Соңы

5 мин

Рефлексия

Оқу мақсатына жете алдық па?

Не қиын олды? Неліктен?

Нене оңай болды? Неге?

Сөйлеу мәдениетін қалай жетілдіруге болады?

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы реформаныңмаңызын түсінудің деңгейін бағалау

Пәнаралық байланыс:география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,еліміздің патриоты бола білетін,салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу