Бүгінгі жастардың шешендік өнерді меңгеруі. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп

ХББ НЗМ Қызылорда қаласы

Мұғалімнің аты – жөні

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім-модераторы-

Мананбай Гаухар Абайқызы

Уақыты

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Жастар мәдениеті және мәселесі.Шешендік сөздер

Сабақ тақырыбы

Бүгінгі жастардың шешендік өнерді меңгеруі

Белгілі бір оқыту мақсаты

11.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;

Бағалау критерийі

1.Мәтіннің мақсаты мен автор позициясын анықтайды;

2.Тыңдалым, оқылым материалдарынан негізгі ақпаратты іріктейді;

3. Іріктелген ақпарат бойынша мәселеге қатысты өз ойын сыни тұрғыда білдіреді, шешу жолын ұсынады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Сөйлеу әрекетінің түрлері:

Тыңдалым, оқылым

Құндылықтарды

игерту

«Мәңгілік ел» құндылығы:

Тіл және мәдениет

НЗМ құндылықтары:

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Пәнаралық

байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі

АКТ –ны

қолдану

дағдылары

Таныстырылым

Тілдік

міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог жәнежазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша,... Мен оған мынадай дәлелдер кетіре аламын,...

Алдыңғы білім

7,8,9-сыныптарда өтілген шешендік сөздер мен халық ауыз әдебиеті шығармаларын еске түсіру

Жоспар

Сабақкезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Қызығушылықты ояту кезеңі .

1.Шаршы топта сөз бастау қиын:

Тауып айтсаң, мереке қылады,

Таппай айтсаң, келеке қылады.

2. Қара қылды қақ жарған әділдік күшті!

Қызыл тілден бал тамған шешендік күшті!

Қылыштан қорықпаған адалдық күшті!

Ардан аттамаған адамдық күшті!

3. Сөзден тәтті нәрсе жоқ.

Сөзден ащы нәрсе жоқ.

Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.

4.Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл"

Оқушылар «Бұрыш» әдісі бойынша 4 бұрышқа ілінген шешендік сөздерді оқып, мағынасын бір-біріне түсіндіреді және осы бойынша 4 топқа бөлінеді

3.Оқу мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

5 минут

1.«Мағынаны тану» кезеңі

2.Оқылым алдындағы тапсырма.

Қазіргі заман жастарына шешендік сөзді меңгертудің маңыздылығы бар ма?

Шешендік сөзді кімдер үйретуі қажет?

Шешендік сөзді үйрететін арнайы орталықтардың мемлекет тарапынан ашылуы керек пе?

3.Топтық жұмыс.Оқылым тапсырмасы

Шешендік сөз – адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі. Жастайынан шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды, өлеңдерді оқу баланың ойын ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады.

Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешен адам табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет. Шынайы шешендік жай қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, көп жылдық тәжірибе арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылғандықтан халқымыз: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп, сөзді айтушыға да, тыңдаушыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол сөзімен жауды да, дауды да тоқтата білген.

Ата-бабамыз шешендікті меңгеріп қоймай, өресі биік жастарды жастайынан баулыған. Бұрындары көпті көрген қазақ қариялары оқымаса да өмірден көкейге тоқығандарын жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген, ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешуге қатысып, шешендердің сөз саптауын өзіне үлгі тұтқан. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Би-шешендердің өмір жолына қарасақ, бәрінің де ұстазы болған. Ал қазіргі қазақ жастарын шешендікке баулитын үлкендеріміз жоқтың қасы деуге болады. Оның орнына керісінше арнайы білім беру орталықтары ашылған, алайда мұндай орталықтарға балаларын беретін ата-аналар саны аз. Болашақ жастарымыздың көшбасшы болуы үшін шешендік өнерді игеруі аса маңызды.

Авторы: Килыбаева Г.К., Макшиева Г.К.

http://www.vestnik-kafu.info/journal/1/22/ (өңделген)

4.Оқылым тапсырмасы:

Оқушылар мәтінді жеке оқып, мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты тауып, автор позициясы мен мәтіннің мақсатын анықтайды.

Әр оқушы өз ойымен топта бөлісіп, ортақ шешімге келеді.

5. Топтық жұмыс: Оқылымнан кейінгі тапсырма. Проблемалық оқытуға арналған ФИЛА кестесімен жұмыс жасайды.

FACTS –

мәліметтер

IDEAS-

идеялар

LEARNINGISSU

ES- зерттеуді

талап ететін

сұрақтар

ACTION

PLAN-

шешімдер

жоспары

6. Топтар өз жұмыстарын «Карусель» әдісімен бағалайды.

Әр топ қалған 3 топтың жұмысын бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

1. Мәтіндегі көтерілген мәселеге қатысты кем дегенде 2-3 деректер мен мәліметтерді теріп жазады;

2. Мәтіндегі мәліметтерге қатыст өзіндік ой-пікірлерін жазады (мәселенің туындауына себеп болған жайттарға болжам жасаулары керек);

3. Мәтіндегі мәселені анықтайтын 2-3 сұрақ құрастырады;

4.Мәселені шешуге арналған жұмыс (әрекет) жоспарын ұсынады.

Әр топ бірін бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

1.Бүгінгі оқылым тапсырмасын орындауда қолданған топтық жұмыстың маңыздылығы қандай болды?

2.Бүгінгі сабақтан өмірде өзіңізге қажетті қандай білім алдыңыз?

3.Егер осы сабақ қайта өтілсе, нені басқаша жасар едіңіз?

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтар мен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамытумақсатындақұрылғантоптар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы реформаның маңызын түсінудің деңгейін бағалау

Пәнаралық байланыс: география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау, еліміздің патриоты бола білетін, салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия

Сабақмақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге астыма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізеді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу