Бүгінгі жастардың шешендік өнерді меңгеруі. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал.


Оқылым тапсырмасы. Мәтінді мұқият оқып, мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты тауып, астын сызыңыз. Автор позициясы қай азат жолда көрінеді? Мәтіннің мақсатын қандай?

Шешендік сөз – адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі. Жастайынан шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды, өлеңдерді оқу баланың ойын ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады.

Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешен адам табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет. Шынайы шешендік жай қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, көп жылдық тәжірибе арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылғандықтан халқымыз: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп, сөзді айтушыға да, тыңдаушыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол сөзімен жауды да, дауды да тоқтата білген.

Ата-бабамыз шешендікті меңгеріп қоймай, өресі биік жастарды жастайынан баулыған. Бұрындары көпті көрген қазақ қариялары оқымаса да өмірден көкейге тоқығандарын жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген, ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешуге қатысып, шешендердің сөз саптауын өзіне үлгі тұтқан. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Би-шешендердің өмір жолына қарасақ, бәрінің де ұстазы болған. Ал қазіргі қазақ жастарын шешендікке баулитын үлкендеріміз жоқтың қасы деуге болады. Оның орнына керісінше арнайы білім беру орталықтары ашылған, алайда мұндай орталықтарға балаларын беретін ата-аналар саны аз. Болашақ жастарымыздың көшбасшы болуы үшін шешендік өнерді игеруі аса маңызды.

Авторы: Килыбаева Г.К., Макшиева Г.К.

http://www.vestnik-kafu.info/journal/1/22/ (өңделген)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу