Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

2-бөлім Индустрияландыру: ұлттық өндіріс

Оқу бағдарламасына сілтеме

Ж7 Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат,идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

Оқу мақсаттары

Барлық оқушылар мәтінді құрылымдық бөліктерге бөле алады, мәтінге түзетулер енгізе алады

Оқушылардың көбі мәтінді құрылымдық бөліктерге бөле алады, ойын (ақпарат,идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түрде мәтінге түзетулер енгізе алады

Оқушылардың кейбірі мәтінді құрылымдық бөліктерге бөле отырп, стильдік түзетулер енгізеді және оның себебін түсіндіреді, дәлел келтіреді

Бағалау критерийі

1.Мәтінді абзац пен бөліктерге бөледі

2. Мәтіндегі стильдік ауытқулар мен орынсыз қолданылған сөз оралымдарын анықтайды

3. Мәтінге түзетулер енгізеді

4.Түзету себебін түсіндіреді

НЗМқұндылықтары

Өз білімін жетілдіру, топта жұмыс жасау

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: отандық өнімдер, ұлттық өнімдер, ұлттық бренд, компаниялар, индустрия, өндіру, экспорт, импорт, бәсекеге қабілетті т.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; менің ойымша, себебі, оны мен былай дәлелдей аламын, қорыта келе...

Алдыңғы білім

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

.

Сурет қандай ой салады? Неге?

Дәл осы суретті мәтінге айналдырсақ, қандай мәтін шығуы мүмкін?

Мұндай мәтіндерді не істеу керек?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

Мұғалім «мәтінді редакциялау керек» деген жауапқа алып келу керек.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны ажырату

Жазылым алды тапсырмасы.

Бөлісейік.

ЖЖ

Оқушы тапсырманы жұпта орындайды.

  • Мәтінді не үшін редакциялаймыз?
  • Мәтінді редакциялауда неге сүйенеміз? (2-3минут)

Жұпта талқылап болған соң, мұғалімнің таңдауы бойынша жұптар әр топқа барып өз жауаптарымен таныстырады, ойларымен бөліседі.

Мұғалім сыныпты 4 топқа бөледі.

Жазылым тапсырмасы

Т

Тапсырманы топта орындайды. Әр топқа жеке мәтін беріледі.

Тапсырма:

  • Мәтін мазмұнымен танысыңыз және абзацтарға бөліңіз
  • Мәтіндегі стильдік ауытқулар мен орынсыз қолданылған сөздерді анықтаңыздар
  • Мәтінге түзету енгізіңіз және түзету себебін түсіндіріңіз.

Мәтіндегі сөйлем не сөз оралымы

Түзетілген нұсқасы

Себебі

1-топ.

Қазақстандағы белгілі отандық брендтер

«Қазақстанда жасалған» белгісі бар бұйымдарға ерекше назар аударамыз. «Өзіміз не өндіріп жатыр екенбіз?» деген сауалдың жауабын алу үшін бірі үмітпен, бірі күдікпен дүкен сөресіне көз тастайды. Осы жазда ғана Астана қаласында қазақстандық тауарөндірушілерді қолдау үшін арнайы сауда орталығы ашылды. Жүзге жуық компания бүгінде сол жерден орын алып үлгерген. Бұл жердің бір ерекшелігі – жалға алу тегін. Бұл неткен батпан құйрық демеңіз. «Халық маркасын» иелену бұрын байқау арқылы іріктеліп берілсе, ендігіде сатылады. Яғни, 300 мың теңге көлемінде ақша төлеу арқылы тауар өндіруші белгі ала алады. Есесіне, дүкен сөресіне затын тегін орналастырып, жарнамасы және басқа да шаруаларымен басын қатырмаса да болады. Келесі жылы орынды жалға алу ақылы болады-мыс. Шамамен бір шаршы метріне 2-3 мың теңге көлемінде төлеу керек. Жоба үшін сауда үйі 5 мың шаршы метрдей жер бөледі. Ол жерде отандық тауар өндірушілердің 300-ге жуығы орналасады деген жоспар бар. Яғни, бір брендке орта есеппен 16 шаршы метрден келеді. Демек, кәсіпкерлерден жылына 400 мың теңгедей ғана шығын шығады деген сөз. Нарықтық бағаларға қарағанда, әлдеқайда тиімді ұсыныс. Яки,отандық кәсіпкерлікке жасалып отырған мықты қолдау. Тамақ өнеркәсібіне ойысар болсақ, бұл белгіні иеленген компаниялар еліміздің түкпір-түкпірінен бар. Ірі компаниялардан бастап, жеке кәсіпкерлер де өз өнімдерін өндіріп, ел ықыласына бөленіп келеді. Мәселен, Ақмола облысында «Шужин» жеке кәсіпкерлігі жарма шығарса, Шортандыда өзіміздің шұжығымыз шығады. Еліміздің батыс аймақтарында халық маркасын иеленгендер санаулы.

2-топ

Алматыдағы біздің брендтер

«Халық маркасын» иеленген компаниялардың тізімін бір шолып шыққан соң, тілшілеріміз Алматы қаласындағы өндіріс орындарына барып, жұмыс барысымен таныс болды. Ол үшін Eurasian Foods корпорациясының зауытына барып, өнімдерінің дастарқанға қойылғанға дейінгі «күйін» көрдік. Аталмыш компания тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да өте танымал. Өндіріс көлемі – жылына 120 000 тонна. Алматы қаласынан бөлек, Қарағандыда да зауыты жұмыс істейді. Төрт бренді бар: «3 желания», «Златые горы», «Шедевр» және «Золотой стандарт». Eurasian Foods жұртшылық назарына 200-ге тарта ассортимент ұсынады. Соның ішінде, маргарин, майонез, кетчуп, өсімдік майы және т.б. Бұл мәліметтерді корпорацияның баспасөз қызметі ұсынып отыр.Келесі Global Product компаниясы да Қазақстан мен Таяу шетел нарығынан орын алып үлгерген. Өз қызметін 2004 жылдан бері халыққа ұсынып келеді. «Вкусный миг», Global продукт және Global Tea сауда маркаларымен тіркелген 250-ге жуық өнім өндіреді. Көпшілігінің талғамынан шығып жүрген «Ассам» шәйі, тамаққа қосатын түрлі дәмдеуіштер, кисельдер мен компоттарды осы компания шығарады. Тойдың сәнін келтіріп, тойбастарға салынып жүрген «Тойбастар», «Жар-Жар» шәйлары да осы жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі. .Тәттілердің түр-түрін шығаратын «А-продуктың» 14 жылдық тарихы бар. Бастапқыда халва өндірумен басталған іс, біртіндеп ұлғайып, кондитерлік өнімдер шығаруды қолға алған. Бүгінде печенье, вафли, карамельдің бірнеше түрі дайындалады. Аталған компания Қазақстанда халва өндіруден көш бастап тұрғанын да айта кету керек. 

3-топ.

Арзаннан қорықпаңыз

Отандық өндірістің азық-түлік саласында өз өнімдерімізге сұранысты қайтсек те көбейтуіміз керек. Кішігірім дүкендерден бастап алпауыт гипермаркеттердің өзі бір өнімнің бірнеше баламасын ұсынады. Сан мен сапа таласқа түсіп, соңында сатып алушы дал болады. Бағасы арзанға күдікпен қарап, қымбатқа ұшырап қалатындар арамызда жиі кездеседі. Айталық, Ресейден келетін майонез бен отандық өндірістің өнімі көзге шалынды. Кемі 25-30 теңге айырмашылық болады. Үнемшілдер өздері білместен мемлекетке пайда түсіріп жатыр. Ал «арзанның суы татымас» деген пікірді ұстанғаны бас салып, қымбатына жабысады. Әйтсе де, бұл ретте бағаның неден құралатынын түсініп алған жөн. Азық-түліктің болсын, басқа тауарлардың болсын бағасы оның нарықтағы сұранысына, бәсекелестердің баға белгілеуіне, жеткізу мен оны шығаруға кететін қаражаттың көлеміне байланысты белгіленеді. Шетелден келетін азық-түліктердің қымбат болатындығы кей жағдайда оның «супер» екендігін емес, сізге жеткенге дейінгі жолының ауырлығынан болуы ықтимал. Одан бөлек, көтерме бағамен сатып алған дүкен иесінің өзі қосатын қаржыны тағы қосыңыз. Осылайша, «жылтырағанның бәрі алтын емес» немесе «өз еліңде ұлтан бол» деген секілді мақалдарды реті келгенде атап өту де керек шығар. Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде, жоғарыдағы үш компанияның өнімдерін ұқсас баламаларымен салыстырып көрген едік. Бағада аздаған айырмашылық бар. Бізде - арзан. Отандық кәсіпкерлерді мемлекет қана қолдауға міндетті емес. Оны барша ел болып тұтынсақ қана бәсекеге қабілетті бола бастайды.

4-топ.

«Ұлттық чемпиондардың» несі артық?

Бұл бағдарламаның көмегімен отандық орта бизнес өкілдерінің дайын өнімдерді экспортқа шығарып қана қоймай, еңбек өнімділігін арттыруға, жалақысы жоғары жұмыс орындарын құруға да мүмкіндік бар. «Ұлттық чемпиондар» 2015 жылдың ақпан айында қолға алынды. Бірақ тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 20 жылдан асқанда барып ойға келді деуге келмейді. Себебі, соңғы он жылдың ішінде ең мықты деген көшбасшы компанияларды «өсіруге» бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Бірақ сол бастамалардың әсері онша сезілген жоқ. Қазіргі «Ұлттық чемпиондардың» қайнар көзі сол алғашқы бағдарламалардан бастау алған деп сеніммен айта аламыз.Бағдарламаның алғашқы кезеңінде 3 бағыт бойынша 28 компанияға кешенді қолдау көрсетілді. Яғни, аграрлық-өнеркәсіптік кешен, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру салалары экспорттың дамуына зор ықпал ете алатын әрі импортты алмастыруға мүмкіндік беретіндіктен таңдалып алынған. Ал екінші кезеңінде өнеркәсіптің еш саласына шектеу қойылмайды.Бағдарламаға қатысу үшін компаниялар сипаттамаларға сай келуі керек болатын. Яғни, жылдық орташа табысы 12,8 млрд теңге болса, ең кемі 950 адамды жұмыспен қамтыса және соңғы бес жылдағы орташа жылдық өсім көлемі 13 пайыз, экспорт үлесі де сондай болса ғана іріктеуден өтеді. Яғни, қатаң сүзгі бар. Бұл болса, басқаларды жігерлендіруге де таптырмас құрал. Бағдарламаның арқасында таңдалған компаниялардың табысы 2018 жылға қарай 170 млрд теңге болып, 72 млрд теңге көлемінде қосымша инвестиция тартылады деген болжам жасап отыр сарапшылар. Сонымен бірге, 4600 жаңа жұмыс орны құрылып, экспорт 38 млрд теңгеге өсіп, еңбек өнімділігі 26 пайызға артуы тиіс. Яғни, үш жылда бағдарламаның қаншалықты тиімді боларын уақыт көрсетеді. Азық-түлік өндірісіндегі табыстар мұнымен бітпек емес. Тамақ өнеркәсібінде «Ұлттық чемпион» деп танылғандардың ішінде сонымен бірге, Eurasian Foods, «Алель Агро», «Маслодел», «Өскемен құс фабрикасы», «Шин-Лайн», «Юникс», «Адал», «Беккер и К», «Нәтиже сүт фабрикасы», Caspian Beverage Holding, A.P. Managment, Galanz Bottlers, Raimbek Bottlers, Tea House бар.

Бағалау критерийі:

  • Мәтінді азат жолдарға бөле алады
  • Мәтіндегі стильдік ауытқулар мен орынсыз қолданылған тіл оралымдарын анықтай алады
  • Мәтінге түзету енгізеді және оның себебін түсіндіре алады

Топаралық бағалау жүзеге асады. Оқушылар дайын критерий арқылы бағалайды және кері байланыс береді.

Кері байланыс беруде дайын тіркестерді қолдана алады.

Маған.... ұнады,себебі....

Бұл топтың айтқан мәселелерін мен..... қолданамын.

...... жетілдіру керек деп ойлаймын,себебі....

Ұсынысым....

http://www.playbuzz.com/mkmcjj10/12-9-2016-7-42-08-pm

Отандық өнімдер

Бағалау

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

Рефлексия.

Не үйрендім? Не қиын болды? Бұны қалай түзеймін?

Ауызша кері байланыс

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу