Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспарының шаблоны өзгертілгені

Пән:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/А Мамандандырылған тар аядағы тар мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік ұғымдарды талдау

Оқу мақсаттары

Мәтіндегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік ұғымдарды талдау;

Мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік ұғымдарды түсіндіру, сұрақтарға жауап беру, өмірмен байланыстыру;

Бағалау критерийі

Бәрі: Мәтіндегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік ұғымдарды талдай алады

Көбі: Мәтіндегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік ұғымдарды талдай алады, түсіндіре алады.

Кейбірі: Мамандандырылған тар аядағы тар мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік ұғымдарды талдай алады, сұрақтарға жауап беріп, өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Инновация, индустрия, экономика, стратегия, техника, технология, инвестиция, экспорт

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру

Ой сергек

«Тапқыр ғалымдар» ойыны. Бірінші оқушы Қазақстанда өндірілетін өнім түрін атайды, келесі оқушы аталған өнімнің соңғы әрпінен жалғайды. Ойын соңында екі-үш оқушыдан аталған өнімдердің ел экономикасына қаншалықты пайдалы екендігі жайында пікірі сұралады.

Сабақтың ортасы

30-35 минут

Мағынаны ажырату

Ойқозғау.

Тақырып болжау

Осы суреттер арқылы тақырыпты болжап көріңіз

Мақсат, күтілетін нәтиже

Тыңдалым алды тапсырма:

1.Индустриясы дамыған мемлекет дегенді қалай түсінеміз?

2.Қандай ұлттық өнім түрлерін білесіз?

Тапсырма 1.

Топтық жұмыс

«Журналистік сұрақтар» әдісі арқылы орындалатын тапсырма.

 Оқушылар тыңдаған мәтін бойынша Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? сұрақтары арқылы Индустрияландыру: ұлттық өндіріс туралы жүйелі, ретімен, әр қырынан зерттейді. Топпен бірлесіп жауабын дайындайды, жауаптарын басқа топтармен бөліседі.

Жетістік критерийі:

  • Тілдік ұғымдарды, терминдерді анықтап, талдай алады
  • Терминдерді түсіндіре алады
  • Сұрақтарға толықтай жауап бере алады, өмірмен байланыстыра алады
  • Тақырыпқа қатысты қорытынды ой айта алады

Тыңдалым мәтіні

Термин сөздер: инновация, индустрия, экономика, стратегия, техника, технология, инвестиция, экспорт т.б

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс

Келмеске кеткен алып Кеңестік империяның кезінде Қазақстан шикізат өндіретін бір аймағы болғаны анық. Тәуелсіздік алған тұста бұл, яғни біртұтас экономикалық байланыстар үзіліп, тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізген жас мемлекетте дербес экономикалық кеңістік болмағандықтан, әртүрлі қиындықтарға тап қылды. 

Қазақстан алдында дербестігіміз баянды болуы үшін экономикалық тұрғыдан да барынша тәуелсіз болуымыздың қажеттігі туындады.Ол үшін жан-жақты дамыған қуатты экономиканың керегі белгілі. Ал өнеркәсіп өркендемей, экономика дамымайды. Сондықтан Елбасы экономиканы индустриялды-инновациялық дамыту міндетін қойды. Экономиканы әртараптандыру және өнімді бұрынғыдай шикізат түрінде емес, дайын соңғы тауар ретінде сату үшін экспорттық бағдарлау деген осы міндеттерден келіп шығып отыр.

«Мен айтқанмын да және тағы айтқым келеді: инновация халық үшін қарапайым тілде – ол жаңалық, ғылымның өндіріске енгізілуі. Инновация дегеніміз - еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыратын іс. Бірақ әрбір инновация қандай да бір уақытта өз шегін сарқиды. Міне сонда іске ғылым араласады, сол кезде қандай да жаңа нәрсені ойлап табу керек – қандай да тетік не жабдық қою керек. Мәселе осындай, егер қарапайым тілмен, саусақпен түсіндіріп айтатын болсақ», - деген еді Н.Назарбаев.Инновация дегеніміз - ең соңғы ғылым жаңалықтары мен жетістіктерін, техника мен технологияларды өндіріске енгізу болса, ал, индустрияландыру дегеніміз - ең алдымен өнеркәсіпті дамыту деген сөз. Яғни, елді алға сүйреу үшін де өндіріс пен өнеркәсіпті дамыту-экономиканың негізгі тірегі болмақ.  Ел экономикасын жедел индустрияландырудың жеті бағыты белгіленіп, ол былтырғы жылдан бастап жүзеге аса бастады. Әлем елдерімен тығыз байланыс орната отырып, елдің экономикада сенімді әріптес, инвестициялық тартымды орта екенін дәлелдеудің арқасында әр салада индустриялы-инновациялы жобалар белең алды. Соның нәтижесінде елімізде локомотив, комбайн, трактор, мұнай, химия және металлургия өнімдері шығарыла бастады. Қазақстан әлемдегі тауар экспорттаушы елдер арасында 43-ші орынға шықты. Қазақстандағы экспорт көлемі ішкі жалпы өнімнің 37 пайызын құрайды. Уран экспорттаудан 1-орынға, ұн экспорттаудан 2-орынға, мұнай экспортынан 9-орынға, бидай экспортынан 10-орынға ие болды. Қазақстан әлемнің 119 еліне өнім экспорттайды.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның келбеті бұрын-соңды болмаған инновациялық және технологиялық жетістікке қол жеткізіп, әлемдік заманауи үлгідегі зауыттар мен фабрикаларды іске қосумен айшықталды.  Анығы, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы жылы сәтті аяқталды. Үкіметтің келтірген дәйегіне сүйенсек, 2010 жылы жалпы құны 805 миллиард теңгеден асатын, барлығы 152 жоба пайдалануға берілді.  Ел экономикасын өркендетуде мұнай-газ өнеркәсібінің маңызы арта берері сөзсіз. Осы ретте, инвестициялық тартымды аймақ-Атырау облысында индустриялды-инновациялы жобалар аз емес. Инновацияны тек өндіріспен байланыстырып қана қойсақ, тар шеңберлі түсінікте қалып қойғанымыз болмақ. Өндіріс – қоғам мүшелерінің пайдалы өнім жасау қызметі және соның ілеспе нәтижесі ретінде табиғи ресурстарды түрлендіруі. Өндіріс қоғамда толып жатқан элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын белгілі бір өндіргіш күштердің жұмыс істеуін көздейді.Ел экономикасының қалай дамитыны индустриялық-инновациялық бағдарламаға тікелей тәуелді екеніне дәлел іздеудің қажеті жоқ. Индустриялды даму стратегиясы бойынша алдағы бес жылда жалпы құны 8 триллион теңге болатын 294 кәсіпорын ашу көзделген. Оларда 360 мың адам жұмыс істемек. Мұның барлығы болашақта Қазақстанның индустриясы мен өндірісі дамыған қуатты мемлекетке айналуының алғышарттары болмағына сеніміміз мол.

Ой толғау

Сабақтың мақсатына оралып, талқылау.

Бағалау смайликтері

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Ауызша.

Рефлексия.

  • Мен бүгін білдім...
  • Қызықты болды...
  • Қиын болды...

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу