Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 - тарау. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс

Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нурлибекова Е.Б.

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс

(2-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

 Сабақтың мақсаты

Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеу, түрлендіру, талғаммен қолдана білуге үйрету.

 Бағалау критерийі

  • белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктейді;
  • сөздерді түрлендіреді;
  • талғаммен қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Индустрияландыру, бәсекеге қабілеттілік, өнім түрі, жаңа кәсіпорын, өнеркәсіптік сектор, еңбек өнімділігі, нарық, инфақұрылым, шетелдік инвестиция, т.б.

Диалог үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Құндылықтарды дарыту мәтінді оқу және тапсырмалар орындау кезінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Экономика пәні

Бастапқы білім

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

6 минут

Қызығушылықты ояту. «Суреттер сөйлейді»

Оқушылар тірек сөздерді пайдаланып, суреттер бойынша өз ойларын ортаға салады.

Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

Суреттер арқылы оқушылар 4 оқушыдан 5 топқа бөлінеді.

суреттер

слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

8 минут

7 минут

8 минут

3 минут

Оқушыларға мәтін таратылып беріледі.

Ж/ЖЖ/Т Мәтінмен оқушылар әуелі жеке танысып, жұпта талқылап, топта талдайды. Мәтін стилін анықтайды.

ТЖ. Оқушылар топта мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, лұғат сөздіктерін пайдалана отырып, сөздерге синоним табады.

жаһандық даму - ғаламдық қарыштау

даму мүмкіндігін өсіп-өркендеуге жол ашу

өндірілмеген тауарлар шығарылмаған заттар

өнім түрі түсім түрі

жаңа кәсіпорын тың кәсіп/іс/ өнеркәсіп

ірі индустриялық алпауыттары - көлемді индустриялық ақшалылар

нарыққа - тауаp айыpбасының айналымына

инфрақұрылым базасы инфрақұрылым қоры

Б. Топтар бір-бірінің жұмыстарымен алмасып, бірін-бірі бағалайды.

ЖЖ. Мәтіннен теріп жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды.

жаһандық даму -

даму мүмкіндігін -

өндірілмеген тауарлар -

өнім түрі -

жаңа кәсіпорын -

ірі индустриялық алпауыттары -

нарыққа -

инфрақұрылым базасы -

өнеркәсіп -

Б. Жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды.

Ж. Оқушылар түрленген сөздерді қатыстырып, ПОПС формуласы бойынша «Елдің дамуында индустрияның маңызы қандай?» деген тақырыпта ойтолғау жазады.

Б. Дескрипторлар арқылы өзара бағалау жүреді.

Дескриптор:

  • белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктейді;
  • сөздерді түрлендіреді;
  • талғаммен қолдана біледі.

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады:

Ұтымды шыққан ... ...

Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...

Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар...

Креативті ... ... бірақ көркем тіл жетіспейді.

Таратпа материал

http://lugat.kz/index.php?p=voc&vocid=1#

Тірек – сызба

Слайд

слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

«Себетті толтыру» әдісі бойынша төмендегі сөз тіркестері арқылы бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды.

Бүгінгі сабақта

1.Мен білдім....

2.Мен түсіндім....

3.Мен үйрендім....

4.Мен қиналдым...

5.Мен өте керемет орындадым...

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу