Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті

Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. (1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сөз дәлдігі

10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

 Сабақтың мақсаттары

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс туралы мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық ерекшелігін талдау

 Бағалау критерийі

Оқылым мәтінінің құрылымы мен рәсімделуін және тілдік құралдар арқылы жанрлық ерекшелігін талдай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

ұлттық экономика құрылымы, қоғамдық еңбек бөлінісі, қоғамдық өндіріс, макроэкономикалық көрсеткіштер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны..., Мен келісемін..., Мен келіспеймін...

Құндылықтарды игерту

Туған елге деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту

Пәнаралық байланыс

экономика

Бастапқы білім

9-сыныптағы білім, білік дағдыларына сүйенеді

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

 Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. Оқушылардың қабілет ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, жұпқа бөледі.

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

Оқылым алды тапсырма

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар қояды, олардың жауаптарын тыңдайды.

  • Экономика дегеніміз не?
  • Ел экономикасының дамуы неге байланысты?
  • Ғылыми стильдің белгілері қандай?
  • Ғылыми стиль қай жерлерде қолданылады? Қандай жанрлары бар?

Оқылым тапсырмасы

Тапсырма жұппен орындалады.

1-тапсырма. Оқушыларға «Ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі» тақырыбындағы оқылым мәтіні ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқиды. Болған соң, жұбымен мәтін мазмұны туралы әңгімелеседі.

2-тапсырма.

Осы тапсырмадан кейін оқушылар төмендегі кестені толтыру арқылы мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды.

Мәтін тақырыбы

Сабақ тақырыбымен байланысы

Тілдік ерекшеліктері

Ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі

3-тапсырма.

Мәтіннің құрылымын талдау мақсатында оқушылар мәтін бөліктерін сызба-кестеге орналастырады.

Мәтіннің басы

Мәтіннің ортасы

Мәтіннің соңы

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Тапсырма сыныппен орындалады. Мұғалім оқушыларға тақтадан «Түйнек» сызбасын ұсынады. Оқушылар сызбаны толтырады.

«Түйнек» сызбасы

Дескрипторлар

- мәтіннің тақырыбын анықтайды, сабақпен байланысын жазады;

- мәтіннен терминдерді, тілдік құралдарды анықтап талдайды;

- мәтіннің құрылымын талдап, кестеге жазады;

- мәтіннің жанрын анықтап дәлелдейді.

Оқушылардың жұмысы берілген дескриптор бойынша өзіндік бағалау жүргізу арқылы бағаланады. Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша жүргізіледі.

МД слайд

1-таратпа

2-таратпа

3-таратпа

4-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Жолаушының қойын дәптері»

Не туралы айттық?

Не туралы

жаздық?

Не түйдік?

 Мұғалім сабақты қорытындылау үшін оқушылардың «Жолаушының ұойын дәптеріне» жазған жазбаларын пайдаланады. Қорытындылауға бір-екі оқушыны қатыстыруға болады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу