Әр халықтың өзіндік жеке мәдени кеңістігі деген нәрсе бар. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 7-8 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: «Әр халықтың өзіндік жеке мәдени кеңістігі деген нәрсе бар»

Оқу мақсаты: 10. Ж4. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Сабақ мақсаты: Ғаламдық тақырыптардағы көтерілген мәселелер бойынша (өз стилі) креативті эссе жазады.

Бағалау критерийлері:

1 - тапсырма.

аргументативті эссені құрылымы бойынша жазу үлгісіне сай талдай алады;

тақырыптық сөйлемдер мен талқылау сұрағын ажырата алады;

пікір, аргумент, сараптаманы нақты таба біледі;

нақты шешім мен ұсынысты ажыратады;

2- тапсырма. Эссе жазу

көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазады;

қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады;

оқырманды қызықтыру үшін таңдалған тақырыпқа пікір білдіруде аргументтер қолдана алады;

эссе құрылымын сақтайды

Сынып қабырғаларына ілінген тұжырымдардың бірін таңда.

Сонан соң «Иә», «Жоқ», «Білмеймін» және «Өз нұсқаңыз» деген бұрыштың біріне барып тұр.

Өзің қолдайтын қағиданы дәлелде.

Мысалы, ЭССЕ- бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма. Иә, мен бұл тұжырыммен келісемін, себебі ...

Аргументативті эссе –даулы тақырыпқа жазылған әдеби шығарма. Басқаша айтқанда, «қосыламын» және «қарсымын» деген сияқты дау тудырушы кейбір тезистерді қорғайды. Жоқ немесе иә, ...

1-тапсырма. Жеке және топтық жұмыс.

«АРГУМЕНТАТИВТІ ЖАЗУ ДЕГЕН НЕ?

ОНЫ ҚАЛАЙ ЖАЗАДЫ?»

Бұл теориялық мәліметті оқы;

Өз түсінгеніңді топта бір- біріңе түсіндір.

2 - тапсырма. Жұптық жұмыс.

Жазылған эссені түрлі- түсті маркерлерді алып, төмендегі үлгі бойынша талдаңыз.

«АРГУМЕНТАТИВТІ ЭССЕНІ ҚҰРЫЛЫМЫ БОЙЫНША ЖАЗУ ҮЛГІСІ» мен «Астана – Тәуелсіздіктің жемісі» тақырыбындағы өз көзқарасын дәлелдеуге арналған эссе жұмысы таратылады.

«АРГУМЕНТАТИВТІ ЭССЕНІ ҚҰРЫЛЫМЫ БОЙЫНША ЖАЗУ ҮЛГІСІ»

І.Кіріспе бөлім

ІІ.Негізгі бөлім

1 - абзац

2 - абзац

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІІІ. Қорытынды бөлім.

АРГУМЕНТАТИВТІ ЭССЕНІ ҚҰРЫЛЫМЫ БОЙЫНША ЖАЗУ ҮЛГІСІ

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

Бағалау: жұпта БК бойынша

Бағалау критерийлері:

аргументативті эссені құрылымы бойынша жазу үлгісіне сай талдай алады;

тақырыптық сөйлемдер мен талқылау сұрағын ажырата алады;

пікір, аргумент, сараптаманы нақты таба біледі;

нақты шешім мен ұсынысты ажыратады;

Бір-бірін бағалау –жоғарыдағы критерийлерді қолданып, бір - бірінің жазба жұмыстары бойынша әрбір аспектілеріне пікірлерін білдіре бағалау.

2- сабақ. Жеке жұмыс.

Тапсырма: Ж4. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңды дәлелдеп, аргументативті эссе жаз.

Эссе тақырыбы: «Әр халықтың өзіндік жеке мәдени кеңістігі деген нәрсе бар» пікіріне өз көзқарасыңызды, пікіріңізді жазыңыз.

Бағалау критерийлері:

көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазады;

қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады;

оқырманды қызықтыру үшін таңдалған тақырыпқа пікір білдіруде аргументтер қолдана алады;

эссе құрылымын сақтайды

Қорытынды

2- 3 оқушы өз еріктерімен Қорытынды бөлімдегі нақты шешім мен ұсыныстарын оқиды.

Басқа оқушылар бағалайды, кері байланыс береді.

Үйге тапсырма: «Өнер және мәдениет; оның қоғамдағы рөлі» тақырыбында 5- 6 сөйлеммен өзіндік көзқарасын жазып келу

КЕРІ БАЙЛАНЫС. “ПИРАМИДА”



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу