Әр халықтың өзіндік жеке мәдени кеңістігі деген нәрсе бар. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 7-8 сабақ.


№2 таратпа материал.

АРГУМЕНТАТИВТІ ЖАЗУ ДЕГЕН НЕ?

ОНЫ ҚАЛАЙ ЖАЗАДЫ?

Аргумент деген не?

  • Аргумент дегеніміз – логикалық негіздемелер, мысалдар мен зерттеулердің көмегі арқылы дәлелденген белгілі бір шешім
  • Аргументативті эссе –даулы тақырыпқа жазылған әдеби шығарма. Басқаша айтқанда, «қосыламын» және «қарсымын» деген сияқты дау тудырушы кейбір тезистерді қорғайды.

Эссенің мақсаты

  • Аудиторияны белгілі бір көзқарасқа сендіру және оларды өз жағына көндіру
  • Басқа емес, тек сол ұстанымның неліктен тиімді екенін айқын тұжырымдау

Аргументативті жазудың түрлері:

  • Саяси
  • Экономикалық
  • Мәдени
  • Білім беру

Аргументативті эссе жоғарыдағы элементтерден тұрады:

КІРІСПЕ:

  • Тақырыпты тұжырымдау;
  • Тақырыптың өзектілігі;
  • Біршама пікір алшақтық;
  • Тақырып құрылымын қарастыру және негізгі ойға көшу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Автордың алға қойған (2-3) шешімі (дәлелдері).

1.2 Шешімдерді талқылау кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарды анықтау.

1.3 Шешімдерді растайтын дәлелдемелер және қолдау (фактілер немесе мысалдар).

1.4 Қарсы дәлелдерді немесе қайшылықты шешімдерді қарастыру, (неліктен әлсіз екенін көрсету қажет, ал автордың мақұлдауы күшінде қалады).

ҚОРЫТЫНДЫ:

  • Негізгі шешімді қайталау.
  • Негізгі шешімді қорғайтын екі-үш ұсыныс сөйлем, түйінді аргументтер.
  • Ұсынылған шешімдерді қабылдамаған жағдайдағы келетін зияндар туралы жалпы ескертулер және аталған тұжырымның пайдалы жақтары туралы жалпы қорытынды сөз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу