Бұқаралық ақпарат құралдары. Мақсат бағыныңқы сабақтас . Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Пән: қазақ тілі 1-нұсқа | Мектеп: | |||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Бұқаралық ақпарат құралдары. Мақсат бағыныңқы сабақтас | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; 9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану | |||||
Сабақтың мақсаттары | Синтаксистік нормаларды сақтай отырып, мақсатты аудиторияға бағытталған әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. | |||||
Бағалау критерийі |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Тақырып аясында оқушылар клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдануға үйренеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін, алған ақпараттарын қазақ тілінде сауатты қолдана алады. | |||||
Құндылықтарды игерту | Жауапкершілік (өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындау). Құрмет (бір-бірінің ойына, пікіріне құрметпен қарау). | |||||
Пәнаралық байланыс | Құқық (сабақ ортасындағы материалдар негізінде) | |||||
Бастапқы білім | Себеп және қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 3 минут | Сабақ тақырыбына болжам жасаңыз. Сабақтың оқу мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге талқыланады. | |||||
Сабақтың ортасы 10 минут 20 минут 4 минут | Жазылымалды жұмыс Оқушылар «Әлеуметтік желілер БАҚ-тың бағы ма, соры ма?» мақаласынан алынған үзінді оқып, туындап отырған мәселені анықтайды. Мәселеге қатысты өз пікірлерін білдіреді. Мәтін: Әлеуметтік желілер соңғы кезде БАҚ-тың орнын басады деген сөздер жиі айтылады. Тағы бірде белгілі әнші Сәкен Майғазиев «Твиттерде менің 5 мың оқырманым бар, ал елімізде 5 мың оқырманы бар газеттер көп, сондықтан да мен бір газеттің бас редакторы секілді жүк арқалаймын» дегені бар еді. Тіпті бұл тақырыпқа орай таусылмас пікірталастар жүргізе беруге болатындай. Мәселен, БАҚ зерттеушісі Джоанна Блэкли әлеуметтік желілер соңғы уақыттарда дәстүрлі БАҚ құралын басып озды дейді. Әлеуметтік желілердің феномені ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығында-ақ танылып үлгерді және көптеген БАҚ электронды нұсқаға өтіп, әлеуметтік желілердегі маркетинг қарқын алды. Бүгінде газет-журналдар мен электронды басылымдар Facebook, Twitter және Вконтакте секілді желілерді ақпарат алу мен таратуда пайдаланып отырғаны анық. Мәтіннен құрмалас сөйлесдерді табады. Салалас құрмалас сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырады. Жазылым тапсырмасы: «Әлеуметтік желілер БАҚ-тың даму құралы ма әлде бәсекелесі ме?" тақырыбында эссе жазады (130-150 сөз). Дескриптор:
Жазылымнан кейінгі жұмыс «Шеңбер» әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің эссесін оқып шығады. Үздік жазба жұмысы анықталады. | |||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия : -Сабақта алған 3 маңызды ақпарат -Қиындық келтірген 2 мәселе -Сабақта ұнаған 1 аспект
| |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
| ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?