Бұқаралық ақпарат құралдары. Мақсат бағыныңқы сабақтас . Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Пән: қазақ тілі

1-нұсқа

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бұқаралық ақпарат құралдары.

Синтаксис

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұқаралық ақпарат құралдары.

Мақсат бағыныңқы сабақтас

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаттары

Синтаксистік нормаларды сақтай отырып, мақсатты аудиторияға бағытталған әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру.

Бағалау критерийі

  • мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін мәтіндер құрастырады;
  • жанр құрылымын сақтайды;
  • сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі;
  • құрмалас сөйлемдерді сауатты құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Тақырып аясында оқушылар клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдануға үйренеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін, алған ақпараттарын қазақ тілінде сауатты қолдана алады.

Құндылықтарды игерту

Жауапкершілік (өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындау).

Құрмет (бір-бірінің ойына, пікіріне құрметпен қарау).

Пәнаралық байланыс

Құқық (сабақ ортасындағы материалдар негізінде)

Бастапқы білім

Себеп және қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

"Кім шапшаң?" ойыны. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір бұқаралық ақпарат құралын атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір бұқаралық ақпарат атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Оқушы сөздерді тез айтуы керек.

Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.

Сабақтың оқу мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге талқыланады.

Сабақтың ортасы

7 минут

22 минут

5 минут

Жазылымалды жұмыс

Оқушылардан «бұқаралық ақпарат құралдары» ұғымының мағынасы сұрастырылады және анықтамасы бекітіледі.

Оқушыларға газет-журнал, баспасөз, мақала, баспахана сөздеріне оқушылар анықтама береді. Мұғалім оларға дұрыс анықтаманы ұсынады. Оқушылар бұл қай сөздің анықтамасы екенін тауып, өздерінің құраған анықтамаларына түзетулер енгізеді.

  • мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы.
  • халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді.
  • кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын.
  • қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне тоқталу, ауызша

сөйлемдер құрастыру.

Жазылым тапсырмасы

Оқушыларға газет-журналға байланысты тұжырымдар беріледі. Оқушылар тұжырымдарды жұпта талқылайды.

Өзі таңдаған тұжырыммен келісетініне немесе келіспейтініне дәлелдер келтіріп, өз ойын жазады.

  • Газет-журнал - адамдардың көзі мен құлағы
  • Баспасөз беттерінен оқығанша, ақпаратты ғаламтордан алған қызығырақ.
  • Зиялы адамдар міндетті түрде газет оқиды.
  • Газет оқуға адамдардың уақыты жоқ.

120-150 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды. Жанр түрін (эссе, мақала, мәтін, әңгіме) оқушы өзі таңдайды.

Дескриптор:

  • мақсатты аудиторияға бағыттап жазады;
  • жанр құрылымын сақтайды;
  • өз ойын дәлелді жеткізеді;
  • сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін қолданады;

Жазылымнан кейінгі жұмыс

«Шеңбер» әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің эссесін оқып шығады. Үздік жазба жұмысы анықталады.

Сабақтың соңы

3 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Эссе жұмыстары бойынша өз ұсыныстары мен тілектерін айтады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу