Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис. Себеп бағыныңқы сабақтас. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Мақсат бағыныңқы сабақтас. Қазақ тілі, 9 сынып, нұсқаулық. 7 сабақ.


Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

сұрауы

Мысалы

Көсемше

-ып,-іп,-п,-а,-е,-й

Қайтіп?

Қалай?

Адамдары, малдары, күркелері де қосылып, бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды.

Есімше

-ған+дай

(-ген+дей) болып

-ма+с+тан

-па+с+тан

-бе+с+тен

Қалай?

Қалай?

Хакім кітапты ұстаған күйі, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Ережесі

Жасалу жолдары

Мысалдары

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтасытың түрі. Сұрақтары: Не мақсатпен? Не етпек болып? Не үшін? Неге? 

а) –мақ, -мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек етістікке тіркеледі. Керек болған затты алып шықпақ болып, өзі жалғыз кірді. ә) Тұйық етістік пен үшін шылауының тіркесуінен: Кесе-шәйнекті сындырмай ұстау үшін, жақсы сөре керек. б) Шартты, бұйрық және қалау рай тұлғалы етістік пен деп көмекші етістік тіркесінен болады. Сол шаң тына қалар ма екен деп, Көпей самауырда есік алдына қойды.

1.Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.(С.М.)

2.Адам жазым, ат жазым болып жүрмес үшін, көкпар шығармай, айналма бәйгемен тынбаққа келісті. Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді. (М.Ә.)

Себеп бағыныңқы сабақтас

Ережесі

Жасалу жолдары

Мысалдары

Себеп бағыныңқы сабақтас - бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің болу-болмауының себебін білдіріп, басыңқы компоненті сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін сабақтастың түрі.

1.Есімше арқылы:

-шығыс септігіндегі -ған тұлғалы есімше арқылы -есімшелік түлғаларға -соң шылауының тіркесуі арқылы

2. Көсемше арқылы

Үлес үстінде әлі ойын ашпаған Абай  болғандықтан, Тәкежан енді бұның өзінен ішіндегі ниетін сұрады (М. Әуезов). Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді (Б. Майлин).

Араларына түсетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады (М. Әуезов).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу