Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис | Мектеп: | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис Себеп бағыныңқы сабақтас. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Мақсат бағыныңқы сабақтас | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.3.1 мақала, аннотация, презентация, тұжырымдамалар, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Мақала, аннотация, презентация, тұжырымдамалар, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылардың тілдік дағдылары «Бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбы аясында дамиды. Пәнге тән лексика мен терминология: Бұқаралық ақпараттар құралдары, баспасөз, бағдарлама, тілші, мақала, тенденция, қоғам, жастар, ақпарат, телеарна, газет, журнал, радио, т.б. | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Адалдық, толеранттылық, құрмет, жауапкершілік. Құндылықтарды дарыту сабақ мазмұны арқылы жүзеге асады. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әлеуметтану, тарих | |||||||||||||||||||
АКТ пайдалану дағдылары | Сабақ таныстырылымын қолдану | |||||||||||||||||||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | Денсаулық сақтау технологиясы талаптарына сай сынып оқушыларын орналастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Оқушылармен амандасу, топтарға бөлу. Қызығушылықты ояту.
Суреттердің қиындылары арқылы топтарға бөлінеді және өз ойларын білдіреді. Сабақтың тақырыбы болжанып, кіріспе ой қозғалады. Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | слайд | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 15 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 минут Сабақтың басы 7 минут Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 3 минут 7 минут Сабақтың соңы 3 минут | Оқылым алды тапсырмасы «СҰРАҚТАР ЖАУЫНЫ» әдісі 1.Ақпарат деген не? 2. Ақпарат құралдарына не жатады? 3. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы не білуге болады? 4. Ақпарат алатын негізгі көздерді атаңдар. Оқушылар өз ойларын айтады Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылайды. Оқылым тапсырмасы Оқушыларға мәтіндер таратылады. Мәтінмен мұқият танысып, топта талқылайды. Төрт топқа газет, теледидар, радио және ғаламтор жайлы мәтіндер беріледі. 1-мәтін. Журнал – мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Журнал газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды. Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. бесінші қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – «Айқап» 1911–15ж. аралығында жарық көрді. Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтардың берік орнығуына байланысты мемлекеттік және жеке меншік журналдар саны көбейді. 2-мәтін. Қазіргі кезде теледидарды әр үйден табуға болады. Сондықтан өз отбасыңызбен көретін телебағдарламаларды жоспарлап қойған дұрыс. Экраны үлкен теледидарды 2-3 метрдей қашықтықта отырып көру керек. Ал сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қазіргі теледидарлардың ең озық түрі болып саналады. Мынаны есте сақтаңдар: 14 жасқа толмаған оқушылардың күніне көретін телевизиялық хабарларының ұзақтығы 1 сағаттан аспағаны маңызды. 3-мәтін. Бүгінгі таңда ғаламтордың мүмкіндіктері аса зор. Ол қолданылуы мен маңыздылығы жөнінен басқа ақпарат құралдарын артқа тастады. Бұл ақпарат көзінен кез келген мәліметті өте оңай тауып алуға болады. Ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келеді дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды. Ғаламторды, оның материалдарын орынды пайдалана білген жөн. 4-мәтін. Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі.Ұлттық арна республика радио тыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі http://kazradio.kz сайты арқылы әлемнің кез келген түкпірінде Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады. Оқылымнан кейінгі тапсырма ТЖ. Оқушылар топта берілген мәтіндеріне талдау жұмысын жасайды.
Б. Топтар бір-бірінің жұмыстарын дескриптор арқылы бағалайды. Дескриптор:
Мұғалімнің сындарлы кері байланысы Рефлексия 2-сабақ Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Жүректен - жүрекке» шеңбері Берілген сұрақтар көмегімен тақырыпты болжау -Жастар мен БАҚ-ты не байланыстырады? -БАҚ-тың жастар психологиясына әсері қандай? -Сіздің сүйікті телебағдарламаңыз қандай? -Бұқаралық ақпарат құралдарына көңіліңіз тола ма? Сабақ тақырыбы анықталып, мұғалім сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін айтып өтеді. Оқушылар жастар, ақпарат, даму сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді. Оқылым алды тапсырмасы Мұғалім оқушылардан ақпарат құралдарының түрлерін атап беруді сұрайды. Тақтаға алдын ала жазылған ақпарат түрлерінің қайсысы қолданылуы жөнінде нешінші орында тұрғанын бірлесе отырып анықтайды. Оқылым тапсырмасы Оқушыларға мәтіндер таратылып беріледі. Оқушылар мәтінмен танысып, мәтіндерге талдау жасайды. Талдау үлгісі мәтіндердің соңында беріледі. 1-топ Бүгінде БАҚ адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды. Әлеуметтанушылардың зерттеуінше, жетпіс бес жыл өмір сүрген «өркениетті адамның» елу жылы белсенді әрекет ету арқылы өтетін көрінеді. Және оның тура тоғыз жылын теледидар көруге жұмсайды екен. Орташа есеппен қазіргі оқушылар күніне алты сағат уақытын БАҚ-пен байланысқа (теледидар, газет, журнал, ғаламтор) арнайды. Жалпы, ХХІ ғасырда кез келген ұлттың барлық салада, әрине, білім саласын есепке алғанда, медиасыз әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қарқынды дамуы да мүмкін емес. БАҚ-пен тығыз байланыстың болуын біржақты жақсы деп қабылдауға болмайды. Оның оң әрі теріс жақтары да бар. 2-топ Жастарға әсеріне байланысты Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі. Көгілдір экранға ұзақ телміру көз жанары арқылы миды «арбап тастайды» екен. Баланың отбасы мүшелеріне, қатарлас құрбыларына деген назары төмендеуінің бір себебі осыған да байланысты көрінеді. Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол белгілі бір дәрежеде шынайы деп қабылдайды, «геройлары» қуанса қуанып, мұңайса мұңайып жүреді. Зерттеулер нәтижесінде анықталғанындай, күні бойы әке-шешесімен емес, теледидардағы ертегі кейіпкерлерімен «сөйлесетін» бала олардың жалған екендігін біліп тұрса да мойындағысы келмейді. «Сиқырлы жәшіктің» арбауына түскен балалардың депрессияға ұшырауы, тұйықталуы – осының нышаны. 3-топ БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері жөнінде айтылған тұста, оның тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше зиянды саналатын бағдарламаларға тосқауыл қою керек. Ондай мысалдарды дамыған елдердің тәжірибесінен де кездестіруге болады. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерде балаларға қатысты бағдарламаларды сараптаудан өткізіп, олардың дамуына кері әсерін тигізетін хабарлар қатаң түрде шектеу салынады. Сонымен қатар жеткіншектердің тұлға ретінде дамыту мақсатында ақпараттық өнім жасаушылармен тығыз байланыс орнату жағы да қарастырылған. Ондай қарым-қатынасты жүзеге асыру тікелей мемлекеттік дәрежеде жүргізіледі. Оқылымнан кейінгі тапсырма Мәтінге алдымен ауызша толық талдау жасау. Кейін сол талдағандарын постерге түсіру. Постерлерді көрші топтармен алмастыру. Критерий бойынша бағалау. Топтық бағалау. Бағалау критерийлері:
Тапсырма. Оқушылар берілген сөйлемдерді себеп бағыныңқылы сабақтас, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазады. -Әлеуметтанушылардың зерттеуінше, жетпіс бес жыл өмір сүрген «өркениетті адамның» елу жылы белсенді әрекет ету арқылы өтетін көрінеді. - Бүгінде БАҚ адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды. - Жастарға әсеріне байланысты Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі. - Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол белгілі бір дәрежеде шынайы деп қабылдайды, «геройлары» қуанса қуанып, мұңайса мұңайып жүреді. - БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері жөнінде айтылған тұста, оның тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше зиянды саналатын бағдарламаларға тосқауыл қою керек. Мұғалімнің сындарлы кері байланысы
Рефлексия. Бүгінгі сабақтағы менің көңіл-күйім, өйткені... Бүгінгі сабақ бойынша менің ұсынысым немесе тілегім... | Слайд таратпа слайд Слайд Слайд Қиынды қағаздар Таратпа А3 форматы Слайд слайд | ||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды