Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис | Мектеп: | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беріп айту. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік дағдылар тақырып аясында дамиды. Пәнге тән лексика мен терминология: Бұқаралық ақпараттар құралдары, баспасөз, бағдарлама, тілші, мақала, тенденция, қоғам, жастар, ақпарат, телеарна, газет, журнал, радио, т.б. Айтылымға қатысты тіркестер: менің байқағаным, менің ойымша,... мен ... ойлаймын, дегенмен ......, сол себепті ..... | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Адалдық, толеранттылық, құрмет, жауапкершілік. Құндылықтарды дарыту сабақ мазмұны арқылы жүзеге асады. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Мәдениет, психология | |||||||||||||||||||
АКТ пайдалану дағдылары | Сабақ таныстырылымын қолдану | |||||||||||||||||||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | Денсаулық сақтау технологиясы талаптарына сай сынып оқушыларын орналастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | Оқушылармен амандасу, жұптарға бөлу. Оқушылар мұғалімге кез келген бір затын ұсынады. Мұғалім жиналған заттарды араластырып, оқушы үстеліне қойып шығады. Өз заты қойылған жерлерге барып отырған оқушылар өзара жұптарға бөлінеді. Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл» әдісі Оқушыларға пікірлер ұсынылады: 1) Газет – тарихтың алғашқы шимайқағазы. Филип Грэм 2)Жаман жаңалықтың болмауының өзі жақсы жаңалық. (авторы белгісіз) 3)Жаңалықты айтқаннан гөрі оны жасаған жақсы. Уинстон Леонард Спенсер Черчилль 4)Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор. Наполеон Пікірлер аясында сабақтың тақырыбы болжанады, кіріспе ой қозғалады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | слайд | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 5 минут 10 минут 3 минут Сабақтың соңы 5 минут Сабақтың басы 3 минут Сабақтың ортасы 7 минут 5 минут 10 минут 7 минут 5 минут | Тыңдалым алды тапсырмасы «Сұрақтар алаңы» әдісі 1. БАҚ дегеніміз не? 2. БАҚ мақсаты қандай? 3. БАҚ-на не жатады? 4. БАҚ арқылы не білуге болады? 5. БАҚ өкілдерін атаңыз. 6.Өзіңіз білетін, танымал БАҚ-тың атауын айтыңыз. Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылайды. Тыңдалым тапсырмасы Оқушыларға бейнематериал көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=KktdiBQvokY ЖЖ. Бейнематериалды оқушылар мұқият тыңдап, жұпта талқылайды және негізгі ойды анықтайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Жұптаса отырып, төмендегі кестені толтырады.
Б. Жұптар бір-бірінің жұмыстарын сағат тілі бойымен жылжыта отырып дескриптор арқылы бағалайды, ауызша пікір білдіреді. Дескриптор:
Мұғалімнің сындарлы кері байланысы Рефлексия Ø Сабақта алған 3 маңызды ақпарат Ø Қиындық келтірген 2 мәселе Ø Сабақта ұнаған 1 аспект 2-сабақ Қызығушылықты ояту. Оқушылар сурет арқылы сабақ тақырыбын анықтайды. Мұғалім сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін айтып өтеді. Оқушылар санау арқылы 4 топқа бөлінеді. Ой шақыру. Оқушылар берілген кесте бойынша ойларын ортаға салып, топта талқылайды. Әр топтан бір спикер сөйлейді.
Айтылым алды тапсырмасы Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтінмен танысады. Мазмұнын топ ішінде талқылайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының жастардың отбасы туралы ұғымына тигізетін әсері Қоғамда болып жатқан бетбұрыстардың (тенденция), ғылым мен техника жетістігінің, тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін жастардың психологиялық теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың рөлі ерекше. Қатыгез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұл қоғамдағы адамдардың тұрмысының өзгеруіне әкеп соғады. Осындай ақпараттар адамның адамгершілік құндылықтарының жойылуына себепші болады. Отбасы бұқаралық ақпарат құралдарының отбасы мүшелеріне тигізетін ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы түсінігіне, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады. Жасөспірімдер осындай жағымсыз кейіпкерден үлгі алуы әбден мүмкін. Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың интернетке тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Барлық бос уақытын осы ойынның алдында өткізетін адамдар бар. Бұл өкінішті жағдай. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына әкеп соғады, ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды. Ойынға тәуелді болудың да себептері бар – жұмыссыздық, көңіл-күйдің болмауы, көңіл бөлінбеу және т.б.. Қатыгез ойын арқылы кейіпкер өзінің барлық ойын іске асыра алады, адамдарды жазалау немесе проблемадан қашу. Айтылым тапсырмасы Оқушылар мәселенің өзектілігін анықтап, ПОПС формуласы бойынша ауызша жауап дайындайды. Мәселені шешу жолын ұсынады. Топтардың жауаптары тыңдалады. Әр топ бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Айтылымнан кейінгі тапсырма Ж. Оқушылар берілген сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдерге (себеп бағыныңқы сабақтас, қимыл-сын бағыныңқы сабақтас, мақсат бағыныңқы сабақтас) айналдырып, ойды жалғастырып жазады. Отбасы бұқаралық ақпарат құралдарының отбасы мүшелеріне тигізетін ықпалынан көп зардап шегеді, себебі ... ________________________________________________________ Теледидар жастардың отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етіп, ... _________________________________________________________ Өз ойын, өз мақсатын жарыққа шығару үшін ... _________________________________________________________ Оқушылар жұмыстарымен алмасып, бірін-бірі тексереді. Дескриптор:
Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады: Ұтымды шыққан ... ... Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ... Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар... Креативті ... ... , бірақ көркем тіл жетіспейді. | Слайд https://www.youtube.com/watch?v=KktdiBQvokY таратпа слайд слайд Слайд Таратпа Слайд слайд | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия
| слайд | ||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру