Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.


Оқылым тапсырмасы

1-мәтін.

Журнал – мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Журнал газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды. Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. бесінші қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – «Айқап» 1911–15ж. аралығында жарық көрді. Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтардың берік орнығуына байланысты мемлекеттік және жеке меншік журналдар саны көбейді.

2-мәтін.

Қазіргі кезде теледидарды әр үйден табуға болады. Сондықтан өз отбасыңызбен көретін телебағдарламаларды жоспарлап қойған дұрыс. Экраны үлкен теледидарды 2-3 метрдей қашықтықта отырып көру керек. Ал сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қазіргі теледидарлардың ең озық түрі болып саналады. Мынаны есте сақтаңдар: 14 жасқа толмаған оқушылардың күніне көретін телевизиялық хабарларының ұзақтығы 1 сағаттан аспағаны маңызды.

3-мәтін.

Бүгінгі таңда ғаламтордың мүмкіндіктері аса зор. Ол қолданылуы мен маңыздылығы жөнінен басқа ақпарат құралдарын артқа тастады. Бұл ақпарат көзінен кез келген мәліметті өте оңай тауып алуға болады. Ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келеді дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды. Ғаламторды, оның материалдарын орынды пайдалана білген жөн.

4-мәтін.

Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі.Ұлттық арна республика радио тыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі http://kazradio.kz сайты арқылы әлемнің кез келген түкпірінде Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады.

Жастар Жастар Жастар Жастар Жастар Жастар

Ақпарат Ақпарат Ақпарат Ақпарат Ақпарат Ақпарат

Даму Даму Даму Даму Даму Даму

Оқылым тапсырмасы

1-топ

Бүгінде БАҚ адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды. Әлеуметтанушылардың зерттеуінше, жетпіс бес жыл өмір сүрген «өркениетті адамның» елу жылы белсенді әрекет ету арқылы өтетін көрінеді. Және оның тура тоғыз жылын теледидар көруге жұмсайды екен. Орташа есеппен қазіргі оқушылар күніне алты сағат уақытын БАҚ-пен байланысқа (теледидар, газет, журнал, ғаламтор) арнайды. Жалпы, ХХІ ғасырда кез келген ұлттың барлық салада, әрине, білім саласын есепке алғанда, медиасыз әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қарқынды дамуы да мүмкін емес. БАҚ-пен тығыз байланыстың болуын біржақты жақсы деп қабылдауға болмайды. Оның оң әрі теріс жақтары да бар.

2-топ

Жастарға әсеріне байланысты Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі. Көгілдір экранға ұзақ телміру көз жанары арқылы миды «арбап тастайды» екен. Баланың отбасы мүшелеріне, қатарлас құрбыларына деген назары төмендеуінің бір себебі осыған да байланысты көрінеді. Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол белгілі бір дәрежеде шынайы деп қабылдайды, «геройлары» қуанса қуанып, мұңайса мұңайып жүреді. Зерттеулер нәтижесінде анықталғанындай, күні бойы әке-шешесімен емес, теледидардағы ертегі кейіпкерлерімен «сөйлесетін» бала олардың жалған екендігін біліп тұрса да мойындағысы келмейді. «Сиқырлы жәшіктің» арбауына түскен балалардың депрессияға ұшырауы, тұйықталуы – осының нышаны.

3-топ

БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері жөнінде айтылған тұста, оның тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше зиянды саналатын бағдарламаларға тосқауыл қою керек. Ондай мысалдарды дамыған елдердің тәжірибесінен де кездестіруге болады. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерде балаларға қатысты бағдарламаларды сараптаудан өткізіп, олардың дамуына кері әсерін тигізетін хабарлар қатаң түрде шектеу салынады. Сонымен қатар жеткіншектердің тұлға ретінде дамыту мақсатында ақпараттық өнім жасаушылармен тығыз байланыс орнату жағы да қарастырылған. Ондай қарым-қатынасты жүзеге асыру тікелей мемлекеттік дәрежеде жүргізіледі.

-Әлеуметтанушылардың зерттеуінше, жетпіс бес жыл өмір сүрген «өркениетті адамның» елу жылы белсенді әрекет ету арқылы өтетін көрінеді.

- Бүгінде БАҚ адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды.

- Жастарға әсеріне байланысты Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі.

- Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол белгілі бір дәрежеде шынайы деп қабылдайды, «геройлары» қуанса қуанып, мұңайса мұңайып жүреді.

- БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері жөнінде айтылған тұста, оның тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше зиянды саналатын бағдарламаларға тосқауыл қою керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу