Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.
Мұғалімге нұсқаулық
Тыңдалым тапсырмасы
https://www.youtube.com/watch?v=KktdiBQvokY
Айтылған негізгі ойды анықтаңыз |
1.Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының сандық көрсеткіші туралы мәлімет |
2. Қазіргі таңда елімізде 2 жарым мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. |
3. Отандық ақпарат саласын дамыту мақсатында отандық журналисттер шетелдерге оқуға жіберіліп отырады. Қазір 34 кәсіби журналист шетелде оқып жатыр. |
Бұқаралық ақпарат құралдарының жастардың отбасы туралы ұғымына тигізетін әсері
Қоғамда болып жатқан бетбұрыстардың (тенденция), ғылым мен техника жетістігінің, тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін жастардың психологиялық теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың рөлі ерекше.
Қатыгез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұл қоғамдағы адамдардың тұрмысының өзгеруіне әкеп соғады. Осындай ақпараттар адамның адамгершілік құндылықтарының жойылуына себепші болады.
Отбасы бұқаралық ақпарат құралдарының отбасы мүшелеріне тигізетін ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы түсінігіне, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады. Жасөспірімдер осындай жағымсыз кейіпкерден үлгі алуы әбден мүмкін.
Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың интернетке тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Барлық бос уақытын осы ойынның алдында өткізетін адамдар бар. Бұл өкінішті жағдай. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына әкеп соғады, ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды. Ойынға тәуелді болудың да себептері бар – жұмыссыздық, көңіл-күйдің болмауы, көңіл бөлінбеу және т.б.. Қатыгез ойын арқылы кейіпкер өзінің барлық ойын іске асыра алады, адамдарды жазалау немесе проблемадан қашу.
Айтылым тапсырмасы
Айтылымнан кейінгі тапсырма
Отбасы бұқаралық ақпарат құралдарының отбасы мүшелеріне тигізетін ықпалынан көп зардап шегеді, себебі ақпарат құралдарының оң әсерлерімен қатар теріс әсерлері де баршылық.
Теледидар жастардың отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етіп, көптеген жасөспірімдердің ата-анасынан ала алмаған тәрбиесін қалыптастыруда.
Өз ойын, өз мақсатын жарыққа шығару үшін бұқаралық ақпарат құралдарының пайдасы орасан деп айтуға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды