Қазақстанның демографиялық саясаты. Қазақ тілі, 9 сынып, қосымша материал.


Әрбір бесінші бала Түркістан облысы мен Шымкентте туылады

Мақсат Имандосов:

– Оңтүстік аймақтағы төрт облыстың (Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы) Алматы, Шымкент қалаларымен қоса алғандағы туу көрсеткіші республикадағының жартысын құрап отыр. Бұл жағдайдан еліміздің Астанасын солтүстік аймаққа көшіргендігінің тиімділігін аңғаруға болады.

Бүгінде еліміздегі халықтың 55 пайызы Қазақстанның оңтүстігінде тұрады екен. Мысалы, 2017 жылғы алғашқы жарты жылдықтың есебіне қарайық. Қазір республикамыздағы әрбір бесінші бала Түркістан облысы мен Шымкентте туылады.

Мақсат мырзаның дерегіне сүйенсек, 1989 жылы Шымкент қаласында 393 мың адам тұрған. Ал, 1999 жылы халық саны 419 271. Бүгінде шымкенттіктердің саны 1 009 212-ге жетіп, Шымкент миллионер қала атанды. Мұнан бөлек, 1999 жылы Түркістан облысының халқының саны Шымкентпен қосқанда 1,97 миллион болса, қазір 3 миллионды құрап отыр. Демек, оңтүстік жұрты 19 жыл ішінде шамамен 1 миллионнан астамға көбейген.

Бір қызығы, бүгінде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақмола, Ақтөбе облыстарында туылған бала саны Түркістан облысы мен Шымкентте туылған балалардың санымен бірдей екен.

https://informburo.kz/kaz/azastanday-haly-sany-men-el-demografiyasy-turaly-yzyty-derekter.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу