Еліміздегі демографиялық жағдай. Қазақ тілі, 9 сынып, қосымша материал.


 ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМ ДӘРМЕНСІЗ

 Кез келген мемлекеттің дамуына халық саны ықпал етеді. Мәселен, кей елдерде халық санының көптігі үлкен проблема туғызса, ал енді бір елдердің дамуы үшін халық санының арта бергені маңызды. Біздің елдің жағдайында халық санының өскені керек. Олай болса, елдегі демографиялық жағдай қандай деген сауалға жауап іздеп көрелік. Ә дегеннен елдегі демографиялық өсімнің баяулай бастағанын байқадық.  Экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми сайтында жарияланған дерекке сүйенсек, бүгінгі күні Қазақстан халқының саны 18 332 071 адамды құрап тұр. Бұл кешегі, яғни 25 қыркүйектегі сағат 17:40 кезіндегі мәлімет. Бұл дерек бүгін басқа цифрларды көрсетіп тұр. Себебі, елімізде әр 76 секундта 1 бала дүниеге келсе, әр 245 секундта 1 адам бақилық болады. Сонымен, кешегі дерек бойынша елімізде ерлер саны 8 790 954, әйелдер саны 9 366 124 адамды құрады. Жыл басынан бері кешеге дейін 287 898 бала өмірге келсе, өлім-жітім саны – 97 511 адамды құраған. 25 333 адам шетелге қоныс аударыпты, ал 10 405 адам біздің елге көшіп келген. Соның бәрін есептей келгенде, жыл басынан бері демографиямыздағы табиғи өсім – 174 459 адам. Статистика комитетінің болжамына сүйенсек, жыл соңында халық саны 18 392 334 адамға жетеді. Табиғи өсім – 235 256 адам. Яғни, 2018 жылы өмірге 388 933 бала келеді деп болжанып отыр. Елге келушілерден кетушілер, әдеттегідей екі есе көп болмақ, 35 мыңнан астам адам сырт елдерге қоныс аударады, ал шет елден біздің елге тұрақтаушылар 14 мыңнан асады деген болжам жасалған. Демек, ел үкіметіне шетелге қоныс аударушылар санын азайту мақсатында демографиялық саясатын қайта қарауына тура келеді. Ол үшін, әрине, шетелге кімдердің қандай мақсатпен кетіп жатқанын зерделеп, соған сай іс-әрекет жоспарына өзгеріс енгізуі қажет-ақ. Сонымен бірге, елдегі өлім-жітім санын тағы да азайта түсу үшін тиісті шаралар қабылдамаса болмайды. Мәселен, медициналық қызметтің сапасын көтеріп, қолжетімді ету өте өзекті. Өйткені бүгінгі күнге дейін қабылданған, жүзеге асырылған шараларға қарамастан, халықтың медициналық қызметтің сапасына қатысты шағымы азайған емес. Ал тегін медициналық қызметтің ауылы тым алыс екені де жиі сөз болып жүр. Демография дегенде, бірден еске түсетіні туу көрсеткіші. Статистикалық деректерге шолу жасағанда халық санының өсуі бірінші кезекте дәл осы туу көрсеткішіне тәуелді болып отыр. Халық саны көп әрі тығыз орналасқан өңірлер – оңтүстікті туу бойынша көрсеткіші жоғары деп қабылдау дағдысы қалыптасқан. Алайда статистикалық дерекке жүгінсек, бүгіндері туу бойынша ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысына тиесілі болып отыр. Әрине, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, бүгінгі Түркістан облысында да туу көрсеткіші жоғары. Алайда Маңғыстау облысымен салыстырғанда, артта қалған жайы бар. Әйтпесе, еліміздегі әрбір бесінші азамат осы өңірде дүниеге келеді. Әуесқой демограф Мақсат Имандосов Түркістан облысын «еліміздің басты перзентханасы» деп тегін айтпаса керек. Демограф дегеннен шығады, бүгінгі таңда елдегі демографиялық жағдай туралы пікір айта қояр маман табу қиындап кетті. Ал ағылшын тілінің маманы Мақсат Имандосов еліміз бен шет елдердегі демографиялық ахуал жөніндегі ой-пікірлерін әлеуметтік желілерде жариялай жүріп, желі қолданушыларының ықыласына ие болып үлгерді. Өзінің айтуынша, ол кәсіби демограф емес. Тек демографиялық ахуалды зерттеп, зерделеу, өзге елдермен салыстыру – ол үшін қызықты шаруа. https://aikyn.kz/2018/09/25/68496.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу