Еліміздегі демографиялық жағдай. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

5. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис Түсіндірмелі салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас.

 Мектеп:

Күні:

 Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

 Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Еліміздегі демографиялық жағдай

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;

Сабақтың мақсаты

Тыңдалым мәтініндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білуге үйрету.

 Бағалау критерийлері

  • Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды;
  • Өмірлік мәселелермен байланыстырады;

Тілдік дағдылар

Демографиялық ахуал, көші-қон, халықтың өсімі.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

Пәнаралық байланыс

География, биология, тарих

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда география пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, демография туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут

Тыңдалымалды тапсырма

1-тапсырма

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында әр ұлт түрлеріне байланысты сурет ұсынады. Оқушылар суреттегі бірнеше ұлт түрлерін тауып, ол ұлттар туралы білетін ақпараттарын ортаға салады. Мұғалім оқушылардың ұлттар туралы ойларын тыңдағаннан кейін сабақ тақырыбына назарларын аудару мақсатында сұрақтар қояды. Мыс: - Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің демографияға әсері бар ма?

  • Қазақстанның демографиялық құрамы қандай?

Слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

15 минут

Тыңдалым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып тыңдауға шақырады. Тыңдалымды бастамас бұрын мәтінге қатысты тапсырмаларды таныстырады.

«Еліміздегі демографиялық жағдай» тақырыбында тыңдалым мәтінімен танысады.

2-тапсырма

Мәтінді оқушылар мұқият тыңдап болғаннан кейін мәтіннен демографияға байланысты негізгі ақпараттарды анықтайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

3-тапсырма

Оқушыларға мәтіндегі негізгі ақпараттарға байланысты сұрақтар қойылады, оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын білдіреді,ақпараттарды өмірмен байланыстырады.

Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінде көтерілген мәселелерге қатысты өз ойларыңызды білдіріңіздер, қазіргі өмірмен байланыстырыңыздар.

  • Әлемде көлемі жағынан 9-орынды алатын территориямызға демографиялық жағдайымыз сәйкес келеді ме?
  • Біздің кең байтақ жерімізге шамамен қанша адам қоныстану керек?
  • Еліміздегі жалғыз балалы отбасылардың демографияға әсері қандай?
  • «Өзің үшін өмір сүр» қағидасына көзқарасың қандай?
  • Ұлттың қуатты болуы үшін не қажет?

Дескриптор:

  • Суретке қатысты өз ойын білдіреді;
  • Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды;
  • Сұрақтарға жауап беру арқылы ақпараттарды қазіргі өмірмен байланыстырады;

Еліміздегі демографиялық жағдай

https://www.youtube.com/watch?v=OB2uLfKXtsM

(алғашқы 5 минуты)

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды.

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түйдім.

Мен ............... ұсынамын.

Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады.

Түрлі түсті қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу