Қоршаған орта және энергия ресурстары. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
САБАҚ: Қазақ тілі | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қоршаған орта және энергия ресурстары | ||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырады, деректерді дәлел ретін қолданады. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтіндегі ақпараттарды өмірмен байланыстырады. Деректерді дәлел ретін,де қолданады. | ||||||||||||||||
Құндылықтар | Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құрмет, өмір бойы білім алу. | ||||||||||||||||
АҚТ қолдануы | Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Өнертабыс, қондырғы, таусылмайды, тұрмыс-тіршілік. | ||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Энергия ресурстары туралы біледі. | ||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Қызығушылықты ояту. Болжау әдісі. Оқушылар сурет арқылы оқылым мәтіні не туралы болатынын болжап, ойларымен бөліседі. Бағалау критерийлері мен десприпторлары, сабақ мақсаттары таныстырылады. | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 10 мин 10 мин 5 мин | С. Мәтіналды тапсырма. Жаңа сөздерді буындарға бөліп, дауыстап айтады. Төл дыбыстардың дұрыс айтылуына мән береді. Өнертабыс, қондырғы, таусылмайды, тұрмыс-тіршілік.
Сөздіктен жаңа сөздердің мағынасын немесе аудармасын тауып айтады. Ж. Мәтінмен жұмыс кезеңі. Оқушылар «Ұялы телефоныңыз тез қуатталатын болды» тақырыбындағы мәтінін оқып, сұрақтарға жауап береді. Оқылым мәтіні. Фениксте (Аризона штаты) өтіп жатқан халықаралық ғылым жәрмеңкесінде калифорниялық жоғары сынып оқушысы Иша Харе (Eesha Khare) көпшілікке өз өнертабысын таныстырды. Ендігі таңда ұялы телефондардың сағаттар бойына қуатталуын күтіп отырмайтын боласыз. 20-30 секундта толыққанды қуатталып бітетін энергия жинақтау жобасы үшін 18 жасар жасөспірімге 50 000 доллар бұйырды. Теззарядты қондырғыны мектеп оқушысы суперконденсатор деп атайды. Өйткені әлгі суперконденсаторыңыз тар уақыт ішінде үлкен энергия көзін жинақтап, ұзақ уақытқа қуат көзін сақтауға бағытталған. Әрі жаңа қондырғының шағын көлемі де ерекше таңданыс тудырады. Жобалаушының сөзіне сенсек, аталған өнертабыс қайта қуаттаудың 10 000 циклін ұстап тұра алады (қарапайым аккумуляторлардыкі 1 000 циклге есептелген). Иша Харе, жоба авторы: "Ұялы телефонның қуат көзі қажет тұста таусылып қала береді. Жаңа қондырғының әрқырлылығына қарай отырып, оның алдағы таңда тұрмыс-тіршілікте кеңінен қолданыста болатыны дау туғызбайды". Бір айта кетерлігі, Иша осы бір технологияны жасап шығаруда жарықжылтыратқыш диодтың күш-қуатын қолданған.
ТЖ. Мәтін соңы тапсырмасы. Мәтіннен негізгі деректерді белгілейді. Оқушылар топта тез зарядтайтын өнертабыстың пайда болуына баға беріп, көзқарастарын білдіреді. Халықаралық ғылым жәрмеңкесі туралы баяндаңыз. Өнертабыстың қажеттілігіне баға беріңіздер. Жастардың қуатты үнемдеу мәселесімен айналысуы туралы көзқарасыңызды білдіріңіздер. Қуат үнемдейтін қондырғыны жаппай сатылымға шығару мүмкіндігі жайлы ой білдіріңіздер.
Ф. Топтар өзара пікір, көзқарастарымен шеңберге тұрып, бөліседі. Бір-біріне кері байланыс береді. | https://massaget.kz/layfstayl/tehno/sholu/10815/«Ұялы телефоныңыз тез қуатталатын болды» мәтіні
| |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. Кері байланыс. | ||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||
Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді. Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Оқушылар топта бір-біріне комментарий арқылы баға береді. | Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп келтірмейді. Оқушылар сабақ барысында АКТ арқылы ақпаратты өздерінің жадыларында ұзақ сақтай алады. | |||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?