Қоршаған орта және энергия ресурстары. Электр қуатын үнемдеу. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған орта және энергия ресурстары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.4.1

мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

 Бағалау критерийлері

Мәтіннің негізгі ойын жетекші сұрақтар арқылы анықтайды.

Көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдайды.

Құндылықтар

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құрмет, өмір бойы білім алу.

АҚТ қолдануы

Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады.

Тілдік мақсаттар

Шоқ, жалын, тәңір, табыну, қаһарман

Осыған дейін меңгерілген білім

Энергия ресурстары туралы ақпараттармен таныс.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 мин

Қызығушылықты ояту.

«Шеринг» әдісі. Оқушылар өткен сабақтың оқу мақсаты бойынша қандай қиыншылықтар болғанын айтады. (2 мин)

«А-Я» - бөлім тақырыбы аясында сөздерді әліпби тізімімен жазу. Жазылған сөздердің тақырыпқа сәйкестігіне, дұрыс жазылуына назар аударылып, өзара тексеру жүргізіледі. (4 мин)

Бағалау критерийлері мен десприпторлары, сабақ мақсаттары таныстырылады. (1 мин)

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

10 мин

5 мин

ЖЖ Тыңдалым алдындағы тапсырма

Сөздердің мағынасын сөздік арқылы тауып кестені толтырады.

Жаңа сөздер

Мағынасы

шоқ

жалын

тәңір

табыну

қаһарман

С. «Болжау» әдісі. Оқушылар екі топқа бөлініп, берілген сұрақтар арқылы тыңдалатын өлеңнің негізгі ойына болжам жасайды.

  • «От» сөзінің қазақ ұғымындағы мағынасы қандай?
  • «Отқа табыну» нанымы туралы не айта аласыңдар?

Тыңдалым тапсырмасы

ЖЖ Оқушылар М.Жұмабаевтың «От» өлеңінің үзіндісін екі рет тыңдайды. Берілген кестені толтырады.

От сипаты

Лирикалық қаһарман сипаты

Негізгі ой

Тыңдалым мәтіні:

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын.

Күнге ғана бағынам.

Өзім - күнмін, өзім - от,

Сөзім, қысық көзімде - от,

Өзіме-өзім табынам.

Жерде жалғыз тәңірі - от.

Оттан басқа тәңірі жоқ.

Жалынмен жұмсақ сүйеді,

Сүйген нәрсе күйеді.

Жымиып өзі жорғалар.

Ұшырағанды шоқ қылар,

Шоқ қылар да, жоқ қылар.

Мұның аты От болар.

Мен де отпын - мен жанам.

От - сен, тәңірім, табынам.

Ф. Жұп жұмыстары сынып алдына ұсынылады, қорғалады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

ТЖ Сұрақтар алаңы. Оқушылар білім деңгейлеріне байланысты сараланады. Әр топ берілген сұрақтарды талқылап, ойларымен бөліседі.

Түсіндір

«От» сөзімен байланысты болатын етістіктерді ата

Сипатта

Қандай адамды отпен салыстыру мүмкін?

Дәлелде

Мағжан өлеңінде не байқалады?

Талда

Өлеңде қандай мәселе көтерілді?

Қажетті сөздер: шоқ, жалын, тәңір, табыну, азаматтық, қаһарман,

ұлттық рух.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

Мәтіннің негізгі ойын жетекші сұрақтар арқылы анықтайды.

Көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдайды.

Ф. Топ жұмыстары сынып алдына ұсынылады, қорғалады.

Қалған топтар кері байланыс береді.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/5169-ot.html

«От» өлеңі

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс. «5-5-1» әдісі.

5 тірек сөз.

5 сөзден тұратын бір сөйлем.

1 тақырыпқа ортақ сөз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді.

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Оқушылар топта бір-біріне комментарий арқылы баға береді.

Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп келтірмейді.

Оқушылар сабақ барысында АКТ арқылы ақпаратты өздерінің жадыларында ұзақ сақтай алады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу