Қоршаған орта және энергия ресурстары. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған орта және энергия ресурстары.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.6.1 БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау

 Сабақтың мақсаттары

Мәтінмен танысып, мазмұнын талдайды.

Стильдік түзетулер жасап, редакциялайды.

 Бағалау критерийлері

Қосымша ақпарат көздерінен ақпараттарды алады;

Сөздердің синонимдерін тауып, перифраз жасайды.

Стильдік түзетулер жасап, редакциялайды.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер:

Жаһандық, дағдарыс.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Жаһандық энергетикалық тоқырау, энергетикалық қуат көздерін игеру, техника мен ғылым.

Осыған дейін меңгерілген білім

Экологиялық мәселелермен таныс.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс

іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Қиындылар арқылы екі топқа бөлінеді.

Суреттер арқылы тақырыпты болжайды.

Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен танысады.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

8 минут

7 минут

5 минут

Оқылымалды тапсырма

«Адасқан әріптер»

Интербелсенді тақтаға адасқан әріптерді орнына қойып сөздерді жазады.

ғардсыад

аонэкмиок

ғырас

тісөеңкр

үділіежүзник

емлә

Оқылым тапсырмасы

Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Энергетикалық төңкеріс –

экономикалық дағдарысты жоюдың жолы

 Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады. Енді ол тауардың өзіндік құнын арзандатып, экономикалық өсімге қол жеткізуге тиімді жағдай жасай алмайды. Энергетикалық қуат көздерін игерудің күннен-күнге қиындауы және оның бағасының қымбаттауы экономикалық дамудың болашағын тығырыққа тіреді. Осыған байланысты бүгінгі таңда адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы «энергетикалық тоқырау», «энергетикалық қатер», «энергетикалық төңкеріс» атты ұғымдар төңірегінде толғануда. Тоқырау Жаһандық энергетикалық тоқырау нышандары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында орын ала бастады. Әлемде мұнай бағасының тұңғыш рет күрт көтерілуі энергетикалық дағдарыс туғызып, бүкіл дүние жүзінің экономикасына әсерін тигізді. Көп ұзамай мұнай бағасы тұрақтап, энергетикалық даму қайтадан қарқын алды. Бірақ осы бір оқиға арзан да мол мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқандығын аңғартты. Жаһандық энергетика дағдарысының болмай қоймайтынын бүгінде барша жұрт толық түсінеді, сондықтан да техника мен ғылым үшін қуат проблемасы алдыңғы қатарға шығып отыр.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

1.Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз.

Дами бастады_________________________

науқастары________________________

таусылып бара жатыр________________________

бағасын________________________

құнының өсуі________________________

адамдардың________________________

тұңғыш рет________________________

тез дамыды________________________

барлық________________________

2. Сөйлемдерге перифраз жасаңыз. Өз сөйлемдеріңізді түпнұсқамен салыстырыңыз, айырмашылықтарын көрсетіңіз.

/сөйлемдерді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз/

А.Енді ол тауардың өзіндік құнын арзандатып, экономикалық өсімге қол жеткізуге тиімді жағдай жасай алмайды.

Ә. Тоқырау жаһандық энергетикалық тоқырау нышандары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында орын ала бастады.

Б. Көп ұзамай мұнай бағасы тұрақтап, энергетикалық даму қайтадан қарқын алды.

В. Осы бір оқиға арзан да мол мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқандығын аңғартты.

Дескрипторлар

  • Сөздердің мағынасын ажыратады.
  • Мәтіннен сөздердің синонимдерін табады.
  • Сөйлемдерге перифраз жасайды.
  • Айырмашылықтарын табады.
  • Ерекшеліктерін салыстырады.

3. Публицистикалық стильдің ерекшеліктерін сақтап, мәтінді қайта құрыңыз.

Бағалау

Оқушылар жұпта бір-бірінің дәптерлерін бағалау критерийі мен дескрипторларды пайдалана отырып тексереді, пікір жазады.

«Түсін мені» ойыны

Бірінші топтың оқушылары екінші топқа сабақта қолданылған кез келген бір сөздің анықтамасын айтады, келесі оқушылар оны табуы қажет. Сөзді таппаса бірінші топ қайта жасырады, тапқан жағдайда оқушылар рөлдерімен ауысады. Осылай ойын жалғасады.

https://egemen.kz/article/energetikalyk-tonkeris-

Сабақтың соңы

5 минут

«Бағдаршам»

Қызыл-түсінбедім, себебі...

Сары – сұрақтарым бар, мынадай....

Жасыл –бәрі түсінікті

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу