Көне жазба дәстүрінің жалғасы. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 4 сабақ.
Көне жазба дәстүрінің жалғасы
Оқу мақсаты:
О8.2.3.1 - мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Сабақтың мақсаты:
Мақала, аннотацияның құрылымын анықтап, тілдік қолданыста пайдалану.
Сабақтың тақырыбына қатысты сөздерді естерінде сақтап, берілген кестені толтырыңдар
Жұптық тапсырма
Алдымен ұсынылған мәтінді оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
Халқымыздың тарихын танып, білуде не көмектеседі?
Қазақ тіліндегі алғашқы газет –журналдар қандай алфавитпен жазылды?
1940 жылы қабылданған қазіргі қазақ алфавиті қандай графикаға негізделді?
Аннотация – кітаптың, мақаланың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.
Ғалымдардың пікірі туралы ой бөлісіңдер
. Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алыңдар:
мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;
автор туралы мәлімет келтіру;
мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;
деректерге сілтеме жасау;
мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;
мақалаға баға беру.
Рефлексия
«Бес бармақ» тәсілі арқылы төмендегі сұрақтарға ойланып жауап бер
Бас бармақ- басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек –көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды