Көне жазба дәстүрінің жалғасы. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.


4 -сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көне жазба дәстүрінің жалғасы

Сабақтың басы:

Сабақтың тақырыбына қатысты сөздерді естерінде сақтап, берілген кестені толтыр. Кестені жылдам толтырған топ мүшелері «Гол» деген белгі береді. Кестедегі сөзді дұрыс әрі уақытты тиімді пайдаланған топ өзара бағалау арқылы анықталады.

Үлгі:

Сөз

Менің анықтамам

Сөздіктегі анықтама

синоним

сөйлем

Графика

Жазуға бағытталған әріп

Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Таңба

Қазіргі таңда қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты шаралар басталды.

Алфавит

Мерзімді баспасөз

Орфография

Мәтінмен жұмыс кезеңі

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап бер

Ескі жазба дәстүр әр түрлі даму кезеңдерін бастан кешіріп, өзінің жалғасын тауып, халқымыздың тарихын танып, білуде үлкен рол атқарады. Осыған зер салсақ, қазақ халқы мен қазақ тілінің даму тарихында араб пен латын алфавитінің ролі айрықша болғаны белгілі. Біріншісі – қазақ жазба тілінің қалыптасуындағы алғашқы басқышы еді. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзі де, көркем шығармалары да араб алфавитімен жазылып, жарық көрді. Екіншісі - Совет үкіметінің елді жаппай сауаттандыру шараларын іске асыру арқылы қазақ халқының жалпы мәдениетін , әдебиетін, тілін дамытудағы үлкен құралы болды. 1940 жылы қабылданған қазіргі қазақ алфавиті орыс графикасына негізделіп жасалды. Осы күнгі алфавитіміз қазіргі қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін толық қамтитын графикалық жүйе болып қалыптасты. Қазақтың қазіргі алфавиті мен орфографиясы әдеби тіліміздің жаңа сатыға көтерілуіне, сан алуан стильдік тармақтарының дамуына ықпал етті.Ол дамыған ұлтымызға қалтықсыз қызмет ететін дәрежеге көтерілді.

А.Аманжолов «Түркі филологиясы және жазу тарихы»

  • Халқымыздың тарихын танып, білуде не көмектеседі?
  • Қазақ тіліндегі алғашқы газет –журналдар қандай алфавитпен жазылды?
  • 1940 жылы қабылданған қазіргі қазақ алфавиті қандай графикаға негізделді?

2-тапсырма.

Аннотация туралы ақпаратпен танысып, ғалымдардың пікірі туралы ой бөлісіңдер.

Аннотация – кітаптың, мақаланың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.

Аннотация рецензияның «ең шағын түрі», ол «шығарманы қысқа, тұжырымды баяндап береді, кеңірек үгіттеуді көздейді»

профессор Т.Амандосов

Аннотация сол шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді

ғалым Т.Кәкішев

3-тапсырма.

А.Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу тарихы» туралы жоғарыдағы мақаласына аннотация жаз. Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа ал:

  • мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;
  • автор туралы мәлімет келтіру;
  • мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;
  • деректерге сілтеме жасау;
  • мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;
  • мақалаға баға беру.

Мәтіннен кейінгі кезең

«Бес бармақ» тәсілі арқылы төмендегі сұрақтарға ойланып жауап бер

Бас бармақ- басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек –көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу