Досымның сүйікті тамағы… Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.
Шылау
Лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды. Атқару қызметіне байланысты шылаулар үш топқа бөлінеді:1. септеуліктер 2. жалғаулықтар 3. Демеуліктер
Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салыстыра (тең дәрежеде) байланыстырды. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, те, та), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті т.б.Жалғаулықтар біріңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:1) ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, мене, бенен, пенен), да, (де, та, те), және, әрі2) қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да3) талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.4) себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, т.б.
Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар:
- Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
- Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
- Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналысөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады.
- Шылаулар түрленбейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды